Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Қай облыстың тұрғындары ең көп микрокредиттер алады?

фото: pixabay.com

Қай облыстың тұрғындары ең көп микрокредиттер алады?

10.06.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
1
👁️
WhatsappTelegramFacebook

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов микроқаржы ұйымдарының қызметіне түсінік берді, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2020 жылдан бастап Агенттіктің реттеуіне онлайн-кредит беру компаниялары, кредиттік серіктестіктер мен ломбардтар енгізілді. 2021 жылдан бастап микроқаржылық қызметті лицензиялау заңнамалық деңгейде бекітілді. Нәтижесінде, 5 мыңнан астам микрокредиттеу субъектілерінен 1 110 компания лицензия алды, қалғандары таратылды немесе қызмет түрін өзгерті. Қазіргі кезде 220 микроқаржы ұйымында, 215 кредиттік серіктестікте және 516 ломбардта микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар», – деді О. Қизатов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның сөзінше, қазір микроқаржыландыру секторы еліміздің қаржы секторының ең жылдам дамып келе жатқан сегментіне айналды. Кейінгі үш жылда микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар мен несие портфелінің активтері 2 еседен астам өсіп, несие портфелі бойынша 2,4 трлн теңгеге жетті.

«Мәселен, 3 жылдық кезеңде микроқаржыландыру субъектілерінің несие портфелінің құрылымында бизнеске бағытталған микрокредиттер көлемі 2 есе ұлғайып, несие портфеліндегі жалпы көлемнің 56 пайызын құрады. Сонымен қатар, несие портфелінің айтарлықтай өсуіне қарамастан, NPL деңгейі (мерзімі өткен несие) 3,9% деңгейінде сақталды», – деді агенттік өкілі.

Сөзіне сенсек, соңғы 3 жылда бұл секторда бизнеске бағытталған микрокредиттер 2 есе, яғни 1,3 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Өңірлер бойынша микрокредиттердің ең көп көлемі Павлодар (23%) және Қостанай облыстарына (13%) минералдық ресурстарды өндірумен және электр энергиясымен жабдықтаумен байланысты өнеркәсіп секторларына тиесілі.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандағы бала саны қанша?

Қазақстандағы бала саны қанша?

03.06.2025
Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

03.06.2025

Сауда және қызмет көрсету секторларына кредит беру Шымкент (10%), Астана (7,3%), Алматы (5,4%) қалаларында және Түркістан (9,8%) және Жамбыл (5,3%) облыстарында басым.

«Егер экономика салалары бойынша кредит берудің жиынтық көлемін қарастыратын болсақ, микроқаржыландыру субъектілерінің қызметі көбіне өнеркәсіп пен электр энергиясымен жабдықтауға (35,1%), ауыл шаруашылығына (25,1%), саудаға (17,5%) қатысты салаларда және қызмет көрсету (14,9%) саласында шоғырланған. Кредиторлар бойынша Қазақстанның 20 облысының 17-сінде кредиттік серіктестіктер берген микрокредиттер үлесі жоғары (68%). 2023 жылдың нәтижесі бойынша бизнеске кредиттік серіктестіктер берген микрокредиттер 932 млрд теңгені немесе кредиттік серіктестіктердің жиынтық портфелінің 96%-ын құрады», – деді Олжас Қизатов.

Микроқаржы субъектілері Қазақстанның барлық облысында бар. 2023 жылдың қорытындысы бойынша МҚҰ-ның бизнеске микрокредиттері 433 млрд теңгені немесе МҚҰ жиынтық портфелінің 35,2 пайызын құрады. МҚҰ-лар жағынан бизнеске микрокредит берудің негізгі көлемі Түркістан облысына (17,0%), Шымкент қаласына (16,8%), Алматы облысына (11,1%) және Жамбыл облысына (10,4%) тиесілі.

Тег: ақшаМикрокредит

Ұқсас материалдар

Қазақстандағы бала саны қанша?

Қазақстандағы бала саны қанша?

03.06.2025

Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі – әр баланың сапалы білім алуына жағдай жасау. Президенттің тапсырмасына сәйкес Үкімет Оқу-ағарту министрлігі арқылы...

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

03.06.2025

Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау сыңғырлап, түлектер мектеппен қоштасуға дайындалып жатыр. Кеше ғана партада отырған бозбала мен бойжеткен бүгін сән салоны...

Балаларға арналған ұлттық ойындардың түрі қандай?

Балаларға арналған ұлттық ойындардың түрі қандай?

03.06.2025

Қазақ халқының сан ғасырлық тарихынан тамыр тартқан ұлттық ойындар қазіргі таңда балаларды тәрбиелеудің, тілін дамытудың, ой-өрісін кеңейтудің тиімді құралына айналды....

Әуе компаниялары балалармен ұшуға қандай талаптар мен жеңілдіктер ұсынады?

Әуе компаниялары балалармен ұшуға қандай талаптар мен жеңілдіктер ұсынады?

03.06.2025

Қазақстанда кәмелетке толмаған жолаушыларды ұшақпен тасымалдау ережелері нақтыланды. Көлік министрлігі ата-аналар мен әуе компанияларының назарын балаларды ұшыру кезіндегі басты талаптарға...

Келесі
Алматыда жылжымайтын мүлік сатып алмас бұрын нені білу қажет?

Алматыда жылжымайтын мүлік сатып алмас бұрын нені білу қажет?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz