Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Қай өңірлердің мектептері жаңа оқу жылына дайын емес?

фото: pixabay.com

Қай өңірлердің мектептері жаңа оқу жылына дайын емес?

07.08.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
1
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

1 қыркүйекке қарай жаңадан 61 мектеп ашу жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов айтты, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

«Қыркүйек айында елімізде 4,5 млн білім алушы оқуға барады. Бұл – балалармен қатар, олардың ата-аналары үшін де өте маңызды қадам. Сондықтан білім беру инфрақұрылымының және бүкіл оқу процесінің жаңа оқу жылына толық әзірлігін қамтамасыз ету қажет. 1 қыркүйекке қарай жаңадан 61 мектеп ашу жоспарланып отыр. Мектептерді тапсыру бір бөлек, оларды оқушыларды қабылдауға дайындау үшін де үлкен жұмыс атқару керек. Ғимараттарға, оқу кабинеттеріне, асханаларға қойылатын барлық қауіпсіздік шарттарын, санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы талаптарды орындау қажет. Жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз етіп, пәндік кабинеттерді, зертханаларды, спорт залдарын жабдықтау керек. Бұл – тек «Жайлы мектеп» ұлттық жобасына ғана емес, барлық білім беру объектілеріне қатысты қойылып отырған талап», – деді О.Бектенов.

Сондай-ақ Үкімет басшысы бірқатар өңірде кейбір оқу орындарының дайындығы тиісті деңгейде емес екенін айтты.

«Атап айтқанда, жаңа оқу жылына дейін үлгермей қалу қаупі бар білім ошақтарының жетеуі Ақтөбе облысында орналасқан. Құрылыс жұмыстары негізсіз созылып кетті. Осы бағытта барлық күш-жігерді біріктіріп, объектілердің белгіленген мерзімде тапсырылуын қамтамасыз ету қажет. Сондай-ақ тамыз айында күрделі жөндеу жұмыстарының барлығы аяқталуы тиіс. Алайда, 18 мектепте жоспарланған жұмыстардың 30 пайызы ғана орындалған. Бұл мәселе Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарына қатысты. Аталған өңірлер шұғыл шаралар қабылдамаса болмайды. Балалар таза әрі ыңғайлы кабинеттерде білім алуы үшін оқу процесі басталғанға дейін жөндеу жұмыстарын аяқтаңыздар», – деді Премьер-Министр.

Тег: мектеп

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
Қазақстан елдегі өмір сүру сапасы бойынша нешінші орында?

Қазақстан елдегі өмір сүру сапасы бойынша нешінші орында?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz