Қара маскадағы жұмбақ жігіт әйелі қатерлі ісікке шалдыққан адамға көмектесті, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі Massaget.kz порталына сілтеме жасап
Осы сілтеме бойынша материалдың толық нұсқасы.
Қара бетперде киген жұмбақ жігіт бұл жолы 3 кәмелетке толмаған баланың әкесіне көмектесті. Оның әйелінде жатыр мойны обыры бар (4 кезең). Оның сол көзіне ақ Шелл түсті. Бұл отбасы газсыз және ыстық сусыз жалға алынған үйде тұрады.
“Балаларды мектептен алып келе жатыр едім. Жүріңіз, үйге кірейік. Өзімнің бір көзім дұрыс көрмейді. Әйелімде қатерлі ісіктің 4-ші стадиясы дейді. Онкологиялық қатерлі ісік. Осы жалдамалы үйде тұрып жатырмыз. Тамағын пісіремін, кірін жуамын, балаларды қарсы аламын. Тек жолдасым жазылып кетсе екен деймін. Жұмыс жасағым келеді. Бірақ қалай жасаймын. Ана жақта үш балам отыр, мына жерде әйелім ауырып жатыр”, – дейді видеода ер адам., – дейді ер адам видеода.
Бұл отбасына қара маска киген жігіт қаржылай көмектесті.
“Рұқсат болса, сіздерге конверт алып келіп едік. Соны ашып қарайсыз ба?! Жолға дайындалсаңыз болады. Бұл қаражатпен өзіңізге ота жасайсыз және әйеліңіз ем алады” – дейді қара маска киген жігіт.
Мұны естіген ер адам жылады.
“Жыламай, өзімді 2 жыл бойы ұстап жүр едім” – деді ол көзіне жас алып.