Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Қанша қазақстандықтардың несие тарихы нашар?

фото: pixabay.com

Қанша қазақстандықтардың несие тарихы нашар?

09.09.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
1
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Халықтың 56%-ының несие алу тарихы нашар, соның салдарынан ипотекалық бағдарламаларға қатыса алмайды. Бұл туралы Freedom банкінің директорлар кеңесінің мүшесі Айдос Жұмағұлов Astana Finance Days сессиясында мәлімдеді, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

А.Жұмағұлов қаржылық сауат үшін үлкен жауапкершілік қаржы институттарының мойнында екенін атап өтті.

«Тұтынушылардың мінез-құлқына қарай ауып кету байқалады. Өйткені менің ойымша, біз қаржы институттары ретінде белгілі бір өнімдерді шығарғанда және тұтынушылар мінез-құлқының өзгеруіне ықпал еткенде үлкен жауапкершілік аламыз», – деді директорлар кеңесінің мүшесі.

Спикер келтірген статистикаға сәйкес Қазақстан халқының 34%-ында жинақ салымы бар. Ал бүкіл Орталық Азия бойынша статистика орташа есеппен 23% ғана. Салыстырмалы түрде, Еуропада халықтың 65%-ында жинақталған қаражат бар.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

«Елімізде экономикалық белсенді 9-10 миллион адамның 8 миллионға жуығы қандай да бір жолмен несие өнімдерімен бетпе-бет келген», – дейді Жұмағұлов.

Осы ораайда сарапшы 18-23 жастағы жастар арасында мерзімі өткен кредиттер үлесі жыл сайын өсіп келе жатқанын айтып отыр. 2022 жылдың басында олардың үлесі 13,1% болса, 2024 жылдың тамызында – 20,3% дейін ұлғайған. А.Жұмағұлов тұтынушылық несиелер мен бөліп төлеу қазақстандықтардың тұтынушылық мінез-құлқын өзгертіп жатыр деп санайды.

«18 жастағы жігіт немесе қыз өз жасында мерзімі өткен несие қалыпты жағдай деп ойлайды және әрдайым несие ала беретіндей көреді. Мысалы, 25 жасында автокөлік несиесін алғысы келсе, 30 жаста отбасын құрып, ипотека алғысы келсе – мұны жасай алмайды. Біз клиенттердің 87%-ына несие тарихы нашар болғандықтан, 31%-ына – табыс жеткіліксіз болғандықтан несие беруден бас тартамыз», – деді А.Жұмағұлов.

Айта кетейік, Астанада жыл сайынғы дәстүрлі «Аstana Finance Days 2024» басталды. Биылғы басқосу «Инновация. Инвестиция. Серпін» тақырыбында өтеді. Онда қаржы секторындағы озық технологиялар, Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері және қаржының орнықты дамуға және қоғамдағы оң өзгерістерге әсері талқыланбақ.

Тег: банкнесиенесие тарихы

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
Қазақстанның қай облысына туристер аса көп бара бермейді?

Қазақстанның қай облысына туристер аса көп бара бермейді?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz