Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Қарағандыда ер адам қате салынған уколдың кесірінен мерт болды

фото: ашық дереккөз

Қарағандыда ер адам қате салынған уколдың кесірінен мерт болды

04.12.2023
Жаңалықтар
98
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Қарағандыдағы облыстық клиникалық ауруханада дәрігерлер науқастың “Цеф-3” дәрісіне аллергиясының барына мән бермей, науқас анафилактикалық шок алып, көз жұмған, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы Патриот Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Ер адамға ауруханада гемморойды алып тастау үшін ота жасау керек болған.

“Мемлекеттік қызметтер порталы арқылы ағам жоспарлы түрде қаралды. Оған геморройды алып тастау үшін ота жасау керек еді. Ол дәрігерлерге Цеф-3 және новокаинге аллергиясы бар екенін айтты. Дәрігерлер қолына көк түсті жапсырма тағыпты, бұл осы препараттарға аллергиясы бар екенін көрсетеді. Бірақ медбике соған қарамастан, оған Цеф-3 уколын салды. Төрежан қызарып, тұншығып, көз жұмды”, – деді марқұмның ағасы Арман Мақашев.

40 жастағы Төрежан Мақашев қылмыстық атқару жүйесі департаментінде жұмыс істеген. Артында үш баласы мен жұбайы қалды.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

“Дәрігерлердің немқұрайлығынан ағам көз жұмды. Олар тіпті геморройды алып тастау отасын да бастамады! Науқастың Цеф-3 аллергиясы бар екенін біле тұра, қалай соны салады? Егер қарамайтын болса, несіне жапсырма тақты? Демек олар барлығына стандартты, бірдей жолмен дәрі бере салады! Бірақ адамдар әртүрлі, жеке аллергиялық реакциялары бар”, – деді Мақашев.

Дәрігерлердің салғырттығы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қарағанды ​​облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Қанат Абзалиевтің сөзінше, тексеру жүргізілген.

“Анафилактикалық реакцияның дәрежесі өте ауыр болды. Тексеру кезінде ақаулар анықталды. Атап айтқанда, жедел жәрдем дәрігерлері, проктология бөлімшесінің меңгерушісінің міндетін атқарушы және медбикенің аллергологиялық анамнезді дұрыс жинамағаны анықталды. Хирургиялық науқастарға медициналық көмек көрсету сапасын бақылау жөніндегі ұйымдастыру-басқару жұмыстарының жеткіліксіз деңгейі және дәрігерлердің “Халық денсаулығы және денсаулық сақтау туралы” заңының 115-бабының 2-тармағы, 1-тармақшасының талаптарын бұза отырып, дұрыс шешім шығармағаны анықталды”, – деп түсіндірді Абзалиев.

Тег: Дәрігерқарағандықылмыс

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
18 жыл бұрын жоғалған әйел жезөкшелер притонынан табылды (видео)

18 жыл бұрын жоғалған әйел жезөкшелер притонынан табылды (видео)

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz