Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Қауіпті ойын: Балаларымыздың санасын кім улап жатыр?

фото: pixabay.com

Қауіпті ойын: Балаларымыздың санасын кім улап жатыр?

01.10.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
50
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Әлеуметтік желіде балаларды қауіпті іс-әрекеттерге итермелейтін ойын тарап жатыр. Ол «Ата-анаңа қарсы шық!», «Үйден қашып кетудің амалын тап!» деген қитұрқы тапсырмаларға толы. Тіпті, суға батып өлуге, шатырдан секіруге дейін итермелейді, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

Осыдан небәрі екі ай бұрын шыққан қауіпті ойынды әлем бойынша 10 миллион бала жүктеген. Солардың қатарында астаналық Айдана Алжанованың қыздары да бар. Балалар ойынның жарнамасын Тикток желісінен көрген.

«Інім, сіңілім үшеуміз бірге ойнадық. Онда шатырға мініп алуың керек. Сосын қаша бересің, қаша бересің, мамаң ұстап алмауы керек бастысы», — деп түсіндірді балалардың бірі Еркенұр Рүстем.

Бір жақсысы, қыздар виртуалды әлемдегі жантүршігерлік іс-әрекеттерді қайталап үлгермеген. Анасы ойынды дер кезінде байқап, өшіріпті.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

«Чаттарда ата-аналар шулай басты. Сосын мән беріп қарасам, шынымен ата-анаға қарсы қоятын қорқынышты ойын екен. Әр тапсырмаға, үйден қашып шыққанның өзіне бір балл береді», — дейді ата-ана Әсел Ерназарова.

Қауіпті ойындарды смартфонға жүктеу оңай. Жасын сұрамайды, ата-ана рұқсатын талап етпейді. Бірақ, мұнда атышулы «Синий кит», «Тихий дом» ойындарындағыдай суицидке итермелейтін куратор жоқ. Мұның тәсілі мүлдем жаңаша. Ол музыка, әдемі графика арқылы баурайды. Бұған еліккен бала виртуалды әлемдегі тентек оқушының рөлін сомдап, түрлі қорқынышты әрекеттерге барады.

«Ол ойынды өзім де көрдім. Бала бәрін зерттей алады, сыртқа шыға алады. Оның әр әрекетіне одобрение беріліп отырады. Яғни, бала сырттан ала алмаған эмоцияларын дәл сол ойын арқылы толтырады», — дейді балалар психологы Айдана Дұшманова.

ҚХА жанындағы Аналар кеңесі төрағасының орынбасары Баян Ахатай қатерлі ойындарды ұзақ жыл зерттеген. Тіпті, «Синий киттің» кесірінен ажал құшқан балалардың жақындарымен тілдесіпті. Айтуынша, мұндай қосымшалардың құрығына ата-анасымен тіл табыса алмаған, күйзелісте жүрген балалар түседі.

«Осдан үш-төрт жыл бұрын сондай оқиға болды. Бала шатырға мініп, 17-қабаттан құлап түскен. Ойын секірсең, жұмаққа түсесің депті. Сонда ол жұмақты көктен іздеп жүрсе, үйінде жұмақ болмағаны ғой», — дейді ол.

Шынымен, қазір ата-аналар балаға келгенде аса қырағы болуы керек. Тек биыл желіде өзін-өзі өлтіруге үгіттейтін 22 материал табылған. Мамандар оның 19-ын түбегейлі бұғаттай алған. Қалған үшеуі тексеріліп жатыр. Бұдан бөлек, зорлыққа шақыратын 157 интернет-ресурс шектелген. Сонымен қатар, қорқынышты кадрларға толы 101 материалға шағым жазылған.

Бұл сайттарды бірден шектеу мүмкін емес. Дегенмен қорғанудың оңай жолы бар.

«Балаларды техникалық жағынау қорғаудың жолы көп. Соның бірі — арнайы қосымша арқылы қорғану. Онымен сіз балаңызға көрсетілетін контентті шектей аласыз», — дейді ІТ сарапшы Жандос Боранбай.

Сақтықта қорлық жоқ. Алайда ата-ана шектеу қойса да, жеткіншектердің түрлі айла тауып, желіден көңілі қалағанын табатыны жасырын емес. Мамандар да тыйымның жағдайды одан әрі ушықтыратынын айтады, Сондықтан, баланы қорғаудың жалғыз жолы — ашық сөйлесіп, тілін табу.

Тег: балаларБасты жаңалықтаройын

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
Қазақстанда зейнеткерлерге қандай әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған?

Қазақстанда зейнеткерлерге қандай әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz