Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Қазақстан ескірген қару-жарақ пен әскери техника сатудан қанша теңге пайда тапқан?

фото: pixabay.com

Қазақстан ескірген қару-жарақ пен әскери техника сатудан қанша теңге пайда тапқан?

03.09.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
0
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі қару-жарақ пен әскери техниканы саудасынан бюджетке қалай 1,1 млрд теңге кіріс түскенін түсіндірді, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

Қаржы министрлігінің 2024 жылдың 1 тамызға арналған бюджеттің атқарылуы туралы есебінде қару-жарақ пен әскери техника сатудан бюджетке 1 млрд 97 млн 709 мың теңге түскені айтылған. Ал елімізде 2025 жылға дейін қару жарақ пен әскери техника сатуға шектеу қойылған. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі аталмыш шектеу тұрған кезде қару-жарақ пен әскери техника қайда сатылғанын түсіндірді.

«ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 29 тамыздағы № 637 қаулысына сәйкес «Қазарнаулыэкспорт» республикалық мемлекеттік кәсіпорны заңнамада белгіленген тәртіппен ҚР Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының пайдаланылмайтын мүлкін өткізуді (экспорттауды) және жоюды жүзеге асыратын уәкілетті ұйым болып айқындалған. Осы кәсіпорын 2024 жылғы қаңтардан бастап шілдеге дейін 34 электрондық сауда-саттық жүргізді. 1 млрд 675,1 млн теңге сомасына 233 пайдаланылмайтын мүлікті сатып алу-сату шарты жасалды. Оның ішінде 151 шарт орындалды. Бұдан басқа, 59,7 млн теңге сомасына 7 шарт бұзылды және сатып алушылар 57,1 млн теңге сомасына 7 шартқа қол қоймады. 135 әскери бөлім мен мекемелерден пайдаланылмайтын мүлікті шығару жүзеге асырылады. Оның ішінде Қорғаныс министрлігінен – 75, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінен – 36, Іішкі істер министрлігі Ұлттық ұланнан – 20, Төтенше жағдайлар министрлігінен – 4 мүлік шығарылды», – деп жазылған жауапта.

Ведомствоның мәліметіне сәйкес, 2024 жылдың 31 шілдесіне дейін жасалған шарттар арқылы республикалық бюджеттің кірісіне 1 млрд 249 млн теңге аударылған. Ал бұзылған шарттар бойынша сатып алушыларға республикалық бюджеттен 151,8 млн теңге қайтарып берілген. Ведомстводағылар пайдаланылмайтын қару-жарақты өткізу жабық сауда-саттық арқылы ұйымдастырылатынын атап өткен.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Енді жыл басынан бері күштік құрылымдарға тиесілі болған, алайда жарамдылық мерзімі өткені үшін сатылымға шығарылған мүліктердің тізімі төмендегі кестеде көрсетілген.

Тег: Есірткіқару-жарақсауда

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
15 қыркүйектен бастап карантиндік шектеулер орнатылады ма?

15 қыркүйектен бастап карантиндік шектеулер орнатылады ма?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz