Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Қазақстан металл концентратының экспортына неге тыйым салмай отыр?

фото: pixabay.com

Қазақстан металл концентратының экспортына неге тыйым салмай отыр?

06.05.2025
Жаңалықтар, Керек - Дерек
0
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитетінің төрағасы Азамат Панбаев Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатта Қазақстан неге металды шикідей сатудан бас тартпай отырғанын түсіндірді, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

— Қазақстан жыл сайын 10 млн тонна темір концентратын, 2 млн тоннаға жуық мыс концентратын, 200 мың марганец концентратын, 400 мың тонна мырыш концентратын, 300 мың тонна хром концентратын, 40 мың тонна қорғасын концентратын экспорттайды. Жалпы концентрат пен кенді экспорттауға неге шектеу қоймай отырсыздар, — деп сұрады журналист.

Комитеті басшысы темір концентратының экспорты болашақта азаяды деген есеп айтты.

— Сіз айтып отырғандай 10 млн тоннаға жуық темір концентрациясын сыртқа шығаратынымыз рас. Теміртаудағы Qarmet кәсіпорны отандық шикізатпен жұмыс істейді. Бірақ оның бәрін толықтай өңдемейді ғой. Артық қалғанын экспорттайды. Бірақ бізде Қостанай облысында Соколов-Сарыбай кен байыту комбинаты бар. Соның базасында ыстықтай темір өңдеу жобасын іске асыру жоспарланған. Оның іске асыру газ тарту жобасына байланысты болып отыр. Газ кірген кезде іске асыру мүмкін болады. Жобаның мерзімі 2029 жылға деп белгіленген, — деді ол.

Оның айтуынша, металл шикізатының экспортын тоқтатса, моноқалаларға зияны тиюі мүмкін.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

— Экспортқа тыйым салу үшін өзімізге өңдеу керек қой. Жаңағы айтқан жоба сол өңдеуді жолға қоюға арналып отыр. Ал сыртқа экспортталып жатқан 1,5 млн тонна мыс концентратын өзімізде өңдеу үшін қазір Қытай компаниясымен бірге Абай облысында мыс балқыту жобасының құжаттамасын әзірлеп жатырмыз. Біз заң аясында шикізат экспортына лицензиялау тетігін енгізу арқылы, яғни, лицензия арқылы бақылай отырып шикізат экспортын біртіндеп-біртіндеп азайтамыз. Заң күшіне енген. Яғни, ондай саясат бар, Үкімет қолдап отыр. Іске асады. Ал экспортқа толықтай тыйым салу әлеуметтік шиеленістерге әкелуі мүмкін. Өйткені көбінің өндірісі моноқалаларда орналасқан. Яғни, жұмыс орындарын сақтап қалу мәселесі бар, — деді комитет басшысы.

Сонымен қатар, Үкімет отырысында «ҚазМұнайГаз» компаниясы полиэтилен өндірісіне 11 млрд теңге инвестиция тартатынын айтылды.

 

Тег: концентратметаллөнеркәсіпэкспорт

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
Еліміз күкірт қышқылының тапшылығынан қашан құтылады?

Еліміз күкірт қышқылының тапшылығынан қашан құтылады?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz