Бірінші жартыжылдықта Қазақстан 40,4 млн АҚШ доллары сомасына 13,4 мың тонна шәй импорттады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда импорт көлемі 28,1% қысқарды, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы ұлттық статбюроға сілтеме жасап.
Негізгі жеткізушілер Кения — 4,8 мың тонна, Үндістан — 4,7 мың тонна, сондай-ақ Қытай мен Ресей — әрқайсысы 1,1 мың тоннадан.
Оған қоса шәй өнімі Вьетнам, Иран, Шри-Ланка және Грузиядан да келеді.
Өз кезегінде Қазақстан шайды Ресейге, Қырғызстанға, Өзбекстанға, Түрікменстанға, Тәжікстанға, Моңғолияға және Түркияға экспорттады.
Айта кетейік, бір адам орташа есеппен жылына 1,4 кг шәй тұтынады (2023 жыл бойынша).