Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Қазақстан жасанды интеллектіге дайын ба?

фото: pixabay.com

Қазақстан жасанды интеллектіге дайын ба?

31.05.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
1
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Әлем елдері арасында жүргізілетін жасанды интеллектіге дайындық индексінде өткен жылы Қазақстан 193 ел арасында 77-орынға ие болды (индексі 48,5). Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 5 орынға шегерген, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі.

Жасанды интеллектіні енгізу бойынша көшбасшылардың алғашқы бестігінде АҚШ (индексі 85), Сингапур (82), Ұлыбритания (78,5), Финляндия (77,3) және Канада (77,0) орналасқан. Рейтингіге сәйкес, Қазақстанның мықты тұстары цифрлық сыйымдылық (75,6), деректердің қолжетімділігі (75) және деректердің көрнекілігі (72,6).

Кем тұстарына келер болсақ, рейтингте Қазақстанда жасанды интеллектіні дамытудың стратегиялық жоспары әлі жоқ екені көрсетілген. Қазақстан Үкіметі оны бір ай бұрын ғана әзірлеп, жариялаған еді. Шамасы, «пайым», индикаторы бойынша нөлдік баға алуымыздың себебі осы. Сонымен қатар, біздің әлсіз тұсымызға «кемелденуі» және төмен «инновациялық әлеуеті» кіріп отыр.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

McKinsey бағалауы бойынша, жасанды интеллект технологиялары мен тереңдетілген талдауды пайдалансақ, Қазақстанның 2030 жылға қарай ЖІӨ-і жыл сайын 5-6% -ға өседі. Сонымен қатар сарапшылар жасанды интеллект пен тереңдетілген талдауды қолдануда Қазақстанның жалпы қосылған құнына (ЖҚҚ) әсерін зерттеген.

Олардың мәліметінше өндіруші және өндірістік салаларда жасанды интеллектіні енгізудің жылдық экономикалық пайдасы (2018 жылғы бағамен) $5-тен 7 миллиардқа дейінгі диапазонда бағаланады.

Қызмет көрсету саласында бұл көрсеткіш 9 доллардан 13 миллиард долларға дейін жетуі мүмкін. Білім беру, денсаулық сақтау, мемлекеттік басқару және қорғаныс салаларында көрсеткіш одан да төмен. Дегенмен жылына қосымша 1-2 миллиард доллар ЖҚҚ (2018 жылғы бағамен пайда) халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге айтарлықтай көмек екені анық.

Тег: Жасанды интеллект

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
Қазақстандықтар лайықты өмір сүру үшін қанша табыс табуы керек?

Қазақстандықтар лайықты өмір сүру үшін қанша табыс табуы керек?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz