Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Қазақстанда қандай қылмыстар азайды?

фото: pixabay.com

Қазақстанда қандай қылмыстар азайды?

16.07.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
2
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Қазақстанда қылмыстың төмендеуі байқалады. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев жарты жылдық жұмыс есебінің қорытындысын баяндады, деп хабарлайды kaskelen.kz.

Спикер келтірген деректерге сәйкес, денсаулыққа ауыр зиян келтіру 2%-ға; ұрлық 29%-ға; мал ұрлығы 33%-ға; тонау 20%-ға азайған. Қылмыстардың ашылуы да жақсарған.

«Ведомство «SOS» батырмаларын орнату жұмыстарын жалғастыруда. Бүгінгі таңда республика бойынша 284 құрылғы жұмыс істейді. Оларда бейнебақылау камерасы бар. Жалпы мұндай батырмалар қылмыс деңгейін төмендетуге және қала тұрғындары мен туристердің өмір сүру сапасын жақсартуға көмектеседі», – деді Ш. Әлекешев министрлік өткізген брифингте.

Мысалы, ақпан айында елордалық полицияға батырма арқылы «Көктал» шағын ауданының саябағында жоғалып кеткен 8 жасар бала қоңырау шалған.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Сонымен қатар мамыр айында «Керуен» сауда-ойын-сауық орталығы жанындағы батырманың көмегімен жоғалған 6 жасар қыз полицияға хабарласқан. Тек 1 маусымда Астанада «SOS» батырмалары арқылы полицияға жүгінудің 4 фактісі тіркелген.

«Бүгінгі таңда еліміз бойынша 1,3 млн бейнебақылау камерасы жұмыс істейді, оның ішінде 291 мың камера полицияның жедел басқару орталықтарына және кезекші бөлімдеріне қосылған. Олардың көмегімен жыл басынан бері 5 мыңнан астам қылмыс және 324 мың әкімшілік құқық бұзушылық анықталды», – деді Шыңғыс Әлекешев.

Айта кеткен жөн, Ішкі істер министрлігі қаржы институттарымен және жеке компаниялармен бірлесіп, бюджеттен қаражат кетірмей, түймелерді орнатудың оң тәжірибесін енгізді. Осы тәсілмен 38 құрылғы орнатылған.

Тег: қылмысполиция

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
Жыл басынан бері қанша адам жұмыспен қамтылды?

Жыл басынан бері қанша адам жұмыспен қамтылды?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz