Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Қазақстанда қанша ер адам бала күтіміне орай демалысқа шыққан?

фото: pixabay.com

Қазақстанда қанша ер адам бала күтіміне орай демалысқа шыққан?

09.08.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
43
👁️
WhatsappTelegramFacebook

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында 561,5 мың қазақстандық Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлем алған, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

Оның ішінде 560,3 мың әйел және 1,2 мың ер адам бар. Бала күтіміне байланысты демалысқа шыққан ер адамдар негізінен акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жұмыс істейді немесе экономиканың әртүрлі саласында жеке кәсіпкерлікпен айналысады. Толығырақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры АҚ-ның агенттік жолдаған ресми сауал жауабында айтылған.

Былтыр бала күтіміне орай 575,7 мың адам әлеуметтік төлем алған, оның ішінде 574 мың (99,7%) әйел және 1,7 мың (0,3%) ер адам бар.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Қордың статистикалық мәліметтеріне сүйенсек, жыл соңына дейін бала күтімі бойынша әлеуметтік төлем алушылардың саны өткен жылмен салыстырғанда көп болуы мүмкін.

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында декретке шыққан қазақстандықтар 500 млн теңге алған.

«2023 жылы әлеуметтік төлемдердің жалпы сомасы 287 млрд теңгені құрады, оның ішінде әйелдерге — 286 млрд теңге және ерлерге — 1 млрд теңге. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында — 193 млрд теңге, оның ішінде әйелдерге — 192,5 млрд теңге және ерлерге -500 млн теңге берілді. Қордан төленетін әлеуметтік төлем мөлшері бала дүниеге келмес бұрын 24 айда қорға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табыстың 40% құрайды», – делінген ресми сауал жауабында.

Қордан бөлінетін әлеуметтік төлем мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтер негізінде тағайындалады. Негізгі құжат баланың туу туралы куәлігі және өтініш берушінің ЖСН бойынша қорға түскен әлеуметтік аударымдар туралы мәліметтер. Әлеуметтік төлемдерді алушы ер адамдар АҚ-да, ЖШС-де жұмыс істейді немесе экономиканың түрлі салаларында жеке кәсіпкерлер.

Сонымен қатар, егер 1,5 жасқа дейін бала күтіміне орай демалысқа шыққан ата-ананың бірі жүйенің қатысушысы болмаса, ол жағдайда бала бір жарым жасқа толғанға дейін, бюджет қаражаты есебінен ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалады:

– бірінші балаға – 5,76 айлық есептік көрсеткіш (АЕК);

– екінші балаға-6,81 АЕК;

– үшінші балаға-7,85 АЕК;

– төртінші және одан да көп балаға-8,90 АЕК.

Әлеуметтік төлем немесе жәрдемақы әкесіне немесе анасына ғана тағайындалады. Екі және одан да көп балаға әлеуметтік төлем немесе жәрдемақы әр балаға жеке тағайындалады.

Тег: баладемалысер адам

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
Жеміс-жидектен уланудан қалай сақтану керек?

Жеміс-жидектен уланудан қалай сақтану керек?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz