Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Қазақстанда қатерлі ісікке қарсы препарат қашан шығарылады?

фото: pixabay.com

Қазақстанда қатерлі ісікке қарсы препарат қашан шығарылады?

17.07.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
0
👁️
WhatsappTelegramFacebook

1 шілдеде қатерлі ісікке қарсы қазақстандық препаратты сынақтан өткізудің екінші кезеңі басталды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім етті, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

«Адамдарға жасалған клиникалық сынақтардың бірінші кезеңі сәтті аяқталды. Алматыдағы радиология институтында 15 онкологиялық науқас емделді, нәтижелеріне үлкен үміт артып отырмыз. Бұл мәселені Премьер-Министр жеке бақылауына алды. Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп арнайы жұмыс тобын құрдық, осы орайда министрлікке алғыс айтамын», – деді Саясат Нұрбек Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар министр 1 шілдеде препаратты тестілеудің екінші кезеңі басталғанын айтты. Сынақтан өтуге 5 мыңнан астам онкологиялық науқастар жазылған.

«Өз еріктерімен жазылған науқастар сынақтың екінші кезеңіне қатысады. Оған жоғары ғылыми-техникалық комиссияның шешімімен шамамен 2 млрд теңге қарастырылған. Жылдың соңына дейін препаратты сынақтан өткізудің екінші кезеңі аяқталады, ал келесі жылы оны тіркеуге шығарамыз деп үміттенеміз», – дейді ол.

Ведомство басшысының сөзінше, қатерлі ісікке қарсы дәріні тестілеу Астана, Алматы және Павлодар қаласында өтіп жатыр.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Еске сала кетейік, биыл қаңтарда қазақстандық биотехнолог Дос Сарбасов қатерлі ісікке қарсы препарат жасап шығарғаны туралы хабарлаған едік. Инновациялық дәріні алдымен қояндар мен тышқандарға сынаған, сосын онкология университетінде 15 адам сынақтың бірінші кезеңінен өткен.

Тег: қатерлі ісікМедицина

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
Елімізде газ бағасы өсе ме?

Елімізде газ бағасы өсе ме?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz