Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Қазақстанда криптовалютадан көп ақша табуға болады ма?

фото: pixabay.com

Қазақстанда криптовалютадан көп ақша табуға болады ма?

21.06.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
23
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Криптовалюта бүгінде Қазақстанда да қаржы ретінде белсенді қолданылады. Алайда мұндай құралақшаны оңай жымқыруға, кірісті жасыруға және салықтан жалтаруға да мүмкіндік береді. Қазақстанда крипто биржаларды қалай және кім реттейді? Біз Орталық Азияда криптохаб бола аламыз ба, қазір оны анықтайтын боламыз.

Крипто қылмыстар қалай жасалады?

Танымал криптовалюталардың бірі – биткоин (Bitcoin). Интернетте көптеген блокчейн платформалары бар, олардың көмегімен сіз өзіңіздің криптовалютаңызды жасай аласыз және оны кез келген атпен атай аласыз, дегенмен бұл қызмет Қазақстанда заңсыз саналады. Біздің ел аумағындағы ақшалай операциялар тек теңгемен жүргізілуі тиіс.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандағы бала саны қанша?

Қазақстандағы бала саны қанша?

03.06.2025
Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

03.06.2025

Криптовалюталарды төлем құралы ретінде пайдалану қазақстандық заңнамаға қайшы келеді. Қазақстанда заңды төлем құралы – теңге, ал оның эмитенті – мемлекет. Сондықтан ақшалай міндеттемелер тек ұлттық валютада көрсетіледі. Тиісінше, қолданыстағы заңнама контекстіндегі криптовалютаны ресми ақша ретінде қарауға және пайдалануға болмайды, – деп түсіндірді ҚР Ішкі істер министрлігіндегілер.

Бүгінде әртүрлі формада крипто алаяқтық белең алып келеді. Мысалы, «Жалған сыйлықтар» деген тәсіл бар, онда алаяқтар әйгілі адамдардың атын бүркеніп, инвесторларды криптовалютаның орнына өз шоттарына Фиат ақшаларын (заңды төлем құралы болатын ресми валюталар: теңге, доллар, еуро, рубль, юань және т.б.) аударуға шақырады. Бірақ инвестиция алғаннан кейін олар орнына ештеңе жібермейді. Алаяқтықтың бұл түрі үшбұрыш деп аталады.

Интернетте жұмыс істейтін жалған криптовалюталар да кең таралған. Алаяқтар болашақ инвесторларға күніне 10% кіріс пен күнделікті жоғары табыс болады деп уәде ете отырып, бастапқы жарна төлетеді. Ал салымшылар ақшасын қайтарып алуға және криптовалюта биржасынан қаражат шығаруға тырысқан кезде, алаяқтар олардың шоттарын бірден бұғаттап, барлық ақшаны иемденіп алады.

Сондай-ақ, пайдаланушылардың жеке деректерін иемдену мақсатында алаяқтар криптовалюта интерфейсін көшіретін фишингтік сайттарды жиі жасайды. Не болмаса әртүрлі сылтаумен олар инвесторларды қосымшаны жүктеуге мәжбүр етеді. Оны ашқан кезде вирус қосылып, алаяқтар инвестордың «қалтасын сыпырып алады».

Қазақстанда тіркелген алаяқтық жағдайлар

2021 жылы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі заңсыз қызметпен айналысқан «Finiko» компаниясын анықтады. Алаяқтар қазақстандықтарға «Syfron Sapital OÜ» платформасында криптовалюталар мен басқа да инвестициялық құралдарды сатып алуды ұсынды. Бұл – жылжымайтын мүлік, автомобиль сатып алуға, міндеттемелерді өтеуге және инвестициялауға байланысты жағдайларды имитациялайтын ойын алаңы. ҚР ІІМ мәліметтеріне сүйенсек, СYFRON (CFR) – ресми валюта емес және қаржы құндылығы жоқ заңсыз криптовалюта. Кейін пайдаланушылар ақшаны нақты инвестициялық компанияға емес, «ауаға» салғаны белгілі болды.

«Finiko» компаниясы осы ойын платформасын пайдаланған кезде күніне 1-1,2% мөлшерлеме бойынша табыс төлеуге уәде берді. Мұндай жоғары деңгейдегі жылдық табыс теңгелей депозиттің орташа нарықтық мөлшерлемесінен 43 есе артық болатын.

Сондай-ақ, «Finiko» жалған кешбэк-карталар есебінен жоғары кіріс келіп тұрады деп уәде етті, ол арқылы «кез келген сатып алудан 25% дейін ақша қайтарылады, қызмет көрсету тегін болады, ай сайын шотта қалған қалдық ақшаға 6% сыйақы беріледі» деп жұртты қызықтырды. Бұдан басқа, осы карта шеңберінде 5 адамға дейін тартқаны үшін 1-ден 10%-ға дейін жоғары кешбэк ұсынатын бағдарлама жұмыс істеді, – деп түсіндірді ведомство өкілдері.

Компания банктерде арнайы есеп айырысу шоттарын пайдаланбаған. Алаяқтық операцияларды жүргізу үшін тек қолма-қол ақша немесе QIWI-әмиян, Яндекс-ақша, Easy Pay, PayPal және басқа интернет-төлемдер мен аударымдардың түрлі жүйесін пайдаланды. Осылайша, қатысушылар өздерінің инвестициясы нақты қайда кетіп жатқанын бақылай алмады. Айта кеткен жөн, «Finiko» ресми түрде бүкіл әлемде қаржы пирамидасы деп танылды.

Бұл – Қазақстандағы крипто қылмыстардың біреуі ғана. Мұндай жағдай аз емес. Қаңтарда Астанада айналымы 15 млрд теңге болатын заңсыз криптоайналымды ұйымдастырушылар анықталды. Алаяқтар криптовалютаны қолма-қол ақшаға заңсыз айырбастап, үлкен табыс тапқан. Мемлекет криптовалюта әмиянының балансындағы 22 894,5 USDT көлеміндегі қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді, 328 мың доллар және 7 млн теңгеге жуық ақшаны тәркіледі.

Крипто биржаларды реттеу және қадағалау мәселелері

Цифрлық активтер саласындағы сарапшылардың сөзінше, Қазақстанда криптовалюта гибрид тәртіппен реттеледі. 2022 жылғы 30 желтоқсандағы «ҚР кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы аясында «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» негізгі заңға өзгерістер енгізілді. Түзетулерге сәйкес, криптоиндустрия мәселелері (есептілік, биржалардың банктермен өзара іс-қимыл тәртібі мен тетіктері) ҚР Ұлттық банкі және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен келісім бойынша АХҚО актілері негізінде бірлесіп реттеледі.

Цифрлық активтер туралы заңға және «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы конституциялық заңға сәйкес, криптовалюта саудасы АХҚО беретін лицензия арқылы реттеледі. Бұл биржаларға қойылатын талаптар мен оларды АХҚО-да лицензиялау тәртібі тек АХҚО актілерімен айқындалатынын білдіреді.

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО, Батыс Қытай, Моңғолия, Таяу Шығыс және Еуропа елдерінің экономикасын байланыстыратын өңірлік бизнес және қаржы орталығы. Осылайша, жекелеген заңдар қолданылатын, Қазақстан аумағында қолданылмайтын арнайы экономикалық аймақ бола отырып, АХҚО-ның өзіндік юрисдикциясы бар.

Қазақстандық блокчейн-технологиялар қауымдастығының басқарма төрағасы Дәурен Қарашевтің айтуынша, цифрлық активтерді сату және сауда түрінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін АХҚО лицензиясы қажет. Бірақ бұл лицензияны алу үшін көптеген талап пен критерийге сәйкес болу керек.

Мәселені қалай шешуге болады?

Қазақстандық блокчейн-технологиялар қауымдастығы криптовалюта нарығы орнықты дамуы тиіс деп есептейді. Мұндай даму барлық тарап – реттеуші де, реттеу субъектісі де бір-біріне зиян келтірместен консенсусқа келген кезде мүмкін болады.

Сондықтан біз қазақстандықтар, мемлекеттік органдар арасында ағарту жұмыстарын жүргізгіміз келеді. Бүгінде Қаржы мониторингі агенттігінің шеңберінде секторлық тәуекелдер бойынша жұмыс топтарының отырысы өтіп жатыр. Бұл салаға мүдделі мемлекеттік органдар қатысады. Тіпті мемлекеттік органдардың арасында да ортақ пікір бола бермейді. Сондықтан барлық қатысушыға осы нормаларды қайта қарап, ортақ қорытындыға келіп, содан кейін қоғам алдында мәлімдеме жасау керек, – деді қауымдастық төрағасы.

Бұған қоса, қауымдастық нарық қатысушыларына лицензияның шекті талаптарын төмендетуді ұсынып отыр, сонда адал ақша табатындар заңды білмегендіктен және жағдайды жіті түсінбегендіктен зардап шекпейді. Сонымен қатар, заңсыз жұмыс істейтіндерге қатысты қатаң шаралар қабылдау, яғни олардың қызметіне тосқауыл қою ұсынылды.

Мұның бәрі тек бұғаттауға байланысты болмауы керек. Білмей істеген, қасақана заң бұзу пиғылы болмаған адамдарға рақымшылық жасау керек. Оларды заң шеңберіне кіріктірген абзал. Сондықтан, алдымен рақымшылық, интеграция жасау керек, ал заң аясында жұмыс істеуге келіспегендерге жазаны қатаңдату қажет, – деп толықтырды Дәурен Қарашев.

Осы шаралардың арқасында елде крипто қылмыстар азаюы мүмкін, өйткені нарықтың барлық қатысушысы заңсыз және заңды брокерлерді қалай ажыратуға болатынын түсінеді.

Тег: криптовалюта

Ұқсас материалдар

Қазақстандағы бала саны қанша?

Қазақстандағы бала саны қанша?

03.06.2025

Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі – әр баланың сапалы білім алуына жағдай жасау. Президенттің тапсырмасына сәйкес Үкімет Оқу-ағарту министрлігі арқылы...

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

03.06.2025

Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау сыңғырлап, түлектер мектеппен қоштасуға дайындалып жатыр. Кеше ғана партада отырған бозбала мен бойжеткен бүгін сән салоны...

Балаларға арналған ұлттық ойындардың түрі қандай?

Балаларға арналған ұлттық ойындардың түрі қандай?

03.06.2025

Қазақ халқының сан ғасырлық тарихынан тамыр тартқан ұлттық ойындар қазіргі таңда балаларды тәрбиелеудің, тілін дамытудың, ой-өрісін кеңейтудің тиімді құралына айналды....

Әуе компаниялары балалармен ұшуға қандай талаптар мен жеңілдіктер ұсынады?

Әуе компаниялары балалармен ұшуға қандай талаптар мен жеңілдіктер ұсынады?

03.06.2025

Қазақстанда кәмелетке толмаған жолаушыларды ұшақпен тасымалдау ережелері нақтыланды. Көлік министрлігі ата-аналар мен әуе компанияларының назарын балаларды ұшыру кезіндегі басты талаптарға...

Келесі
ЖОО түлектері диплом алғаннан кейін қанша уақыт ішінде жұмыс табады?

ЖОО түлектері диплом алғаннан кейін қанша уақыт ішінде жұмыс табады?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz