Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Қазақстанда қызметіне тыйым салынған шетелдік журналистердің тізімі бар ма?

фото: pixabay.com

Қазақстанда қызметіне тыйым салынған шетелдік журналистердің тізімі бар ма?

07.06.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
0
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Сенат депутаты  Нұрия Ниязова Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақовтан шетелдік журналистерді аккредиттеу тәртібі туралы сұрады, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

«Менің сұрағым өзге елдердегі қызметі қандай да бір елдің мемлекеттік құрылымын бұзуға бағытталды деп бағаланған журналистермен байланысты. Бізде сондай журналистердің тізімі бар ма? Ондай тұлғалардың елімізге кіруіне және ақпараттық қызметіне тыйым салу қалай белгіленген?» – деп сұрады сенатор.

Қанат Ысқақовтың айтуынша, бұл мәселе қоғамда көп пікірталас туғызған.

«Бізде Ақпарат министрлігі ретінде ондай деректер жоқ. Бірақ бұл мәселеге жүйелі түрде келгенімізді айтамын. Заң жобасында шетелдік БАҚ пен журналистерді аккредиттеумен Сыртқы істер министрлігі айналысатыны туралы нормалар бар. Сонымен бірге Сыртқы істер министрлігінің Қазақстан заңнамасы аясында аккредиттеуден бас тартуға немесе аккредитация мерзімін созудан бас тартуға, аккредитацияны қайтарып алуға құқығы бар. Бұл Сыртқы істер министрлігіне қандай да бір журналистің әрекеті Қазақстанның егемендігіне, аумақтық тұтастығына зиян келтіретін болса, бүкіл қажетті әрекеттер қабылдауға мүмкіндік береді. Бұл норма «Масс-медиа туралы» заңның жобасында бар», – деді Қанат Ысқақов.

Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин жаңа заңда бұл мәселемен байланысты нормалар қалай өзгергенін түсіндірді.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

«Бұрын аккредиттеу жай ғана ережеде болған. Ол ереже бойынша біз шетелдік журналистерге аккредитация бермесек те, жұмыс істеуге құқығы бар болатын. Өйткені сондай заңға ілеспе акт болған. Ал қазір «Масс-медиа туралы» заңның 30-бабында шетелдік журналистердің қызметін реттеуге толық құқық болады», – деді ол.

Тег: Журналистшетелдік азамат

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
Алматыда қандай үйлерді сатып алмау керек?

Алматыда қандай үйлерді сатып алмау керек?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz