Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Қазақстанда отбасындағы зорлық-зомбылық қанша есеге көбейген?

фото: pixabay.com

Қазақстанда отбасындағы зорлық-зомбылық қанша есеге көбейген?

13.06.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
10
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Жыл басынан бері елімізде қоғамдық тәртіпке және адамгершілікке қол сұғатын 323 105 әкімшілік құқық бұзу фактісі тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда (2023 жылдың 5 айы-273 360) 18,2%-ға жоғары, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетіне сілтеме жасап.

Жылдың басында Мемлекет басшысы Ішкі істер министрлігінде өткен алқа мәжілісінде құқық бұзушылықтың профилактикасына назар аударуды тапсырды.

Осы орайда Президент тәуекел тобындағы тұлғалардың басым бөлігі уәкілетті органдардың назарынан тыс қалып отырғанын атап өтті. Осыған байланысты барлық профилактика жүйесін түбегейлі қайта қарау қажеттігі туындайды.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

10.07.2025
Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

10.07.2025

Қазақстанда 10 жылдан астам қоғамда ұсақ бұзақылық, алкоголь ішу, қоғамдық орында тиісу, қоқыс тастау жәнебасқа жиі жасалатын әкімшілік құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру саясаты белсенді түрде жүзеге асып келеді.

Бұл шаралар елдегі қоғамдық тәртіпті нығайтуға ғана емес, халықтың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2024 жылдың 5 айында елімізде қоғамдық тәртіпке және адамгершілікке қол сұғатын 323 105 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген, бұл өткен жылмен салыстырғанда (2023 жылдың 5 айы-273 360) 18,2%-ға жоғары.

87 408 тұлға (82 271) алкогольдік ішімдік ішкен немесе қоғамдық орындарға масаң күйде жүрген (ӘҚБтК-нің 440-бабы).

75 603 тұлға (62 456) ортақ пайдаланылатын орындарды ластады (ӘҚБтК-нің 434-2-бабы).

Қоғамдық орындарда тиісу үшін 42 540 тұлға (33 230) жауапкершілікке тартылды (ӘҚБтК-нің 449-бабы).

41 370тұлға (37 006) түнгі уақытта азаматтардың тыныштығын бұзған (ӘҚБтК-нің 437-бабы).

Ұсақ бұзақылық жасағандардың саны (ӘҚБтК-нің 434-бабы) 8 706(6 381) болды.

50 906 (41 949) кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болған (ӘҚБтК-нің 442-бабы). Бұл құқық бұзушылық әсіресе жазғы демалыс күндері, түнгі уақытта үйден тыс жерде жүрген жасөспірімдер қылмыстық құқық бұзушылық жасауы немесе қылмыстық оқиғаның құрбаны болуы мүмкін кезде өзекті.

Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер жеке санат саналады, олар 3 есе өсті (16 172-ден 43 812-ге дейін).

Бұл ретте денсаулыққа жеңіл зиян келтіру фактілерінің саны 4305 (2 709), ал ұрып-соғу — 7 413 (2 288) болды.

Мұндай құқық бұзушылықтардың күрт өсуіне Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекске енгізілген өзгерістер ықпал етті, оған сәйкес 2023 жылғы 1 шілдеден бастап отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбанының жазбаша арызы талап етілмейді.

Осы жылы заң шығарушы ұрып-соғу және денсаулыққа жеңіл зиян келтіру үшін жауапкершілікті күшейтіп, 15 маусымнан бастап олар қылмыс санатына жатқызылды. Бұл — мемлекет тарапынан зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушіліктің бір көрсеткіші.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында Ішкі істер министрлігі мүдделі мемлекеттік органдар, мемлекеттік емес ұйымдар, ғылыми қоғамдастық өкілдері, халықаралық ұйымдар, қоғамдық кеңес қатысуымен Құқық бұзушылықтың профилактикасы туралы жаңа бірыңғай тұжырымдамалық заңды әзірлеуге кірісті.

Бірыңғай құқық бұзушылық профилактикасы туралы заңда профилактика туралы нормаларды қамтитын бес біртекті заңды біріктіру жоспарланып отыр.

Оның аясында құқық бұзушылық профилактикасы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган айқындалады, сонымен бірге профилактика субъектілерінің тізбесі және олардың құзыреті кеңейтіліп, жауапкершіліктің аражігі ажыратылады.

Сонымен қатар профилактикалық ықпал етуге жататын тұлғалардың тізбесін, үйлестіру тетіктерін және жеке профилактика құралдарын қайта қарау жоспарлануда.

Бас прокуратура бұл тізімге бірнеше рет біртекті әкімшілік құқық бұзушылық жасаған, сол арқылы қоғамға және жалпы адамзаттың имандылық құндылықтарына деген көзқарасын және құқықтық нигилизмді көрсететін құқық бұзушыларды қосуды ұсынып отыр.

Заңның қабылдануы аясында алдын алу жүйесі құқық бұзушылықтардың ерте профилактикасына назар аударылады, сондай-ақ профилактика мәселелеріне қоғам, мемлекеттік органдар мен түрлі ұйымдар қатысады.

Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің талдау тобы қайталап жасалған құқық бұзушылықтарға жүгізілген зерделеу жұмысы ерте профилактиканың маңызды екенін айқындайды.

«Талдау нәтижесі көрсеткендей, қылмыстық тұлғаның қалыптасуына әкелетін қоғамға жат мінез-құлық көріністерінің бірі — тұлғаның жүйелі түрде әкімшілік жауапкершілікке тартылуы. Демек, адам жол ережесін бірнеше рет елемейтін болса, алдағы уақытта жол-көлік оқиғасын жасауы мүмкін. Жеке адамға қарсы немесе отбасы-тұрмыстық салада, оның ішінде отбасы мүшесіне қатысты бірнеше рет құқық бұзушылық жасалатын болса, ол ауыр салдарға айналуы мүмкін. Ал қоғамдық тәртіпке және имандылыққа қарсы жасалған құқық бұзушылықтардың өзі құқықтық мәдениеттің жоқтығының көрсеткіші, сондай-ақ қылмыстардың жасалуына жағдай жасайды (ұрлықтан кісі өлтіруге дейін). Біздің ойымызша, мәліметтерді талдау арқылы нақты тұлғаларға немесе белгілі бір сала бойынша толық профилактиканы жүргізуге мүмкіндік береді. Профилактикалық бақылау шараларын тиімді және уақтылы қолдану — қылмысты азайтудың және қауіпсіз қоғамды құрудың негізгі бағыты» дейді құқықтық статистика комитетінен.

Тег: қылмысТұрмыстық зорлық-зомбылық

Ұқсас материалдар

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

10.07.2025

2025 жылғы маусымда Қазақстанда сиыр етінің бағасы өсуін жалғастыруда. Осыған орай, Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысынан кейінгі брифингте...

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

10.07.2025

2025 жылдың көктемгі әскерге шақыру науқаны кезінде мектеп түлектерін көшеде әскерге күштеп алып кету жағдайлары қоғамда үлкен дау тудырды. Бұл...

Елімізде ең қымбат баспана қай өңірде?

Елімізде ең қымбат баспана қай өңірде?

10.07.2025

2025 жылғы маусым айындағы тұрғын үй нарығы бойынша ең жоғары баға Алматы қаласында тіркелді, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы. Алматы —...

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

08.07.2025

2024 жылдың 1 маусымынан 2025 жылдың 31 мамырына дейін «111» байланыс орталығына 226 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Бұл туралы...

Келесі
Елімізде ауыр көліктерге автожолда жүк тасымалдауға тыйым салынады: Енді қайдан жүрмек?

Елімізде ауыр көліктерге автожолда жүк тасымалдауға тыйым салынады: Енді қайдан жүрмек?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz