Бұл науқан 15 қыркүйекте басталып, 15 қарашаға дейін жалғасады деп хабарлайды Kaskelen.kz
Азаматтар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысатын жекеменшік емханаларға да тіркеле алады. Аталған қызмет тегін, ал жауап бір күннің ішінде келуі керек. Егер мақұлданса, жаңа емханада 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ем қабылдай аласыз.
Айта кететін жайт, таңдалған емхана сіз тұратын ауданда болмаса, мұндай жағдайда дәрігерді үйге шақыру, жедел бригада шақыру секілді қызметтерді қолдана алмайды.