Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Қазақстандық IT мамандары қай елдерге қызмет көрсетеді?

фото: pixabay.com

Қазақстандық IT мамандары қай елдерге қызмет көрсетеді?

03.07.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
3
👁️
WhatsappTelegramFacebook

2023 жылы елімізде IT-қызметтердің көлемі 1,4 триллион теңгеге жетті. Бұл – бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 46,4 пайызға артық, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі.

Energyprom.kz мәліметіне сүйенсек, резидент болып табылатын заңды тұлғаларға көрсетілген қызмет құны 1,1 трлн теңгені, ал жеке тұлғалар үшін 65,7 млрд теңгені құраған. Резидент қатарына кірмейтін тұлғаларға 260 млрд теңгенің қызметі көрсетілген.

Қызмет түрлеріне тоқталсақ, басым бөлігі бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуге тиесілі: 383,9 млрд теңге, жылдық өсім – 49%. Одан кейін қосымшаларды орналастыру қызметтері және олармен байланысты қызмет (229,1 млрд теңге), бағдарламалық қамтамасыз ету (167 млрд теңге), ақпараттық технологиялар саласындағы консалтингтік және тәжірибелік қызметтер (88 млрд теңге), ақпараттық басқару қызметіндегі мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар мен жүйелерді қалыптастыру және дамыту (76,5 млрд. теңге).

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Өңірлер бойынша барлық ІТ-қызметтердің 51,9%-ы Алматы қаласында көрсетілген (718,7 млрд теңге). Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 50,1%-ға артық. Ал көрсетілген қызметтің 35,7%-ы елордаға (493,7 млрд теңге) тиесілі. Кейінгі орындарға Қарағанды (44,1 млрд теңге), Батыс Қазақстан (29,7 млрд теңге) және Павлодар (15,9 млрд теңге) облыстары жайғасқан.

Сала бойынша ең аз қызмет Түркістан (869,6 млн теңге), Ұлытау (1,1 млрд теңге) және Қызылорда (1,6 млрд теңге) облыстарында көрсетілген.

Теміртауда Жоғары политехникалық колледж базасында жастардың ақпараттық технологияға деген қызығушылығын арттыру мақсатында ІТ лагері ашлыған. Мұнда он күн ішінде 100 қала оқушысы ІТ негіздерін үйренеді. Лагерь пилоттық режимде жұмыс істейді. Білім беру бағдарламалары жас ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асырылады.

Резидент еместерге секторда көрсетілетін қызметтерге келетін болсақ, АҚШ-та қызмет молынан көрсетілген (60,6 млрд теңге). Бұл – бір жыл бұрынғыдан 91,6%-ға артық. Қызмет алушы елдер арасында екінші орынға солтүстіктегі көршіміз Ресей (42,8 млрд теңге) тұрақтаған. Үздік үштікті Ұлыбритания түйіндеді, оған Қазақстан 34,4 млрд теңгенің IT қызметін көрсетіпті. Бұл – бір жыл бұрынғыдан 2,9 есе көп.

Қызмет алушы елдердің алғашқы он бестігіне БАӘ, Кипр, Ирландия, Мексика, Сингапур, Өзбекстан, Германия, Қытай, Нидерланды, Швеция, Қырғызстан және Бельгия енгенін атап өткен жөн.

Тег: ITмаман

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
Қазақстанда газ қоры қанша?

Қазақстанда газ қоры қанша?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz