Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Қазақстандықтар қандай жағдайда гаджетті қайтара алмайды?

фото: pixabay.com

Қазақстандықтар қандай жағдайда гаджетті қайтара алмайды?

01.04.2025
Жаңалықтар, Керек - Дерек
0
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Елімізде 24 наурыздан бастап смартфондарды міндетті тіркеу енгізіліп жатыр. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бұл процедураның қалай жүретіні және верификациядан өтпеген телефонды сатып алған жағдайда не болатыны туралы айтып берді, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

Мемлекеттік радиожиілік қызметінің өкілі Сәуле Темірхан жаңа ережелерге сәйкес ұялы байланыс желісінде телефондар іске қосылған кезде олардың верификация статусы тексерілетінін еске салды.

“Верификация сәтті аяқталған жағдайда абоненттік құрылғылар сәйкестендіру кодтарының дерекқорындағы “ақ” тізімге енгізіледі. Мұндай құрылғылар кейін ұялы байланыс қызметтеріне кедергісіз қосылады. Егер желіге тіркелген құрылғы “ақ” тізімде болмаса, ол уақытша “сұр” тізімге енгізіледі. Мұндай құрылғыға 30 күнтізбелік күнге уақытша желіге қосылу мүмкіндігі беріледі. Осы уақытта пайдаланушы құрылғыны верификациядан өткізуге тиіс. Егер 30 күн ішінде құрылғы тіркелмесе, оның ұялы байланыс қызметтері бұғатталады және ол “қара” тізімге енгізіледі”, – деп түсіндірді ол.

БАҚ өкілдері верификациядан өтпеген смартфонды сатып алып, оны үйінде қорапты ашқаннан кейін ғана білген жағдайда не болатынын сұрады.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандағы бала саны қанша?

Қазақстандағы бала саны қанша?

03.06.2025
Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

03.06.2025

“Егер телефонды сатып алып, қорабын ашсаңыз, оны сатушыға қайтара алмайсыз. Сондықтан сатып алмас бұрын құрылғының верификациядан өткен-өтпегенін тексеруге кеңес береміз. 2019 жылдан бері “Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы” заңның 30-бабы бар. Онда қайтаруға және айырбастауға жатпайтын тауарлар санаттары көрсетілген. Абоненттік құрылғылар да осы тауарлар қатарына кіреді. Бұл норма алты жыл бойы жұмыс істеп келеді”, – деді телекоммуникациялар комитеті төрағасының орынбасары Олжас Қабенов.

Бірақ министрлік “Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы” заңға өзгерістер енгізу мүмкіндігін жоққа шығармайды.

Қазіргі заңнамаға сәйкес құрылғыда зауыттық ақау болғанда ғана оны сатушыға қайтаруға болады.

“Егер құрылғы верификациядан өтпеген болса, оны қайтара алмайсыз. Бұл мәселені (қорабы ашылған смартфондарды қайтару мүмкіндігін қарастыру – ред.) қарастырамыз. Бұл мәселеге жауапты орган – Сауда және интеграция министрлігі. Біз бұл мәселені пысықтап, қажет болған жағдайда тиісті түзетулер енгізуді бастаймыз”, – деді Олжас Қабенов.

Жаңа ережелер 2025 жылдың 25 наурызынан бастап күшіне енеді. Бұл ережелер тек осы күннен кейін әкелінген құрылғыларға қолданылады. Қазақстанда қазір тіркелген телефондар автоматты түрде “ақ” тізімге енгізіліп, шектеусіз жұмыс істей береді.

Еске сала кетейік, 2025 жылдың 24 наурызынан бастап мобильді құрылғыларды тіркеу ережелері өзгеретіні мәлім болды. Бұл жаңашылдықтар тек сол күннен кейін елге әкелінген телефондарға қатысты. Қазақстанда қазірдің өзінде жұмыс істеп тұрған және дерекқорға енгізілген құрылғылар еш қиындықсыз әрі қарай қолдана береді. Қазір елде 3,7 миллионға жуық телефонның IMEI коды қайталанып тұр. Бұл заңсыз әкелінген құрылғылардың көп екенін көрсетеді. Мұндай жағдай телефон ұрлығын көбейтіп, құрылғылардың қайдан келгенін бақылауды қиындатады. Сондай-ақ әділетсіз бәсекелестікке жол ашады дейді мамандар.

Тег: гаджеттелефон

Ұқсас материалдар

Қазақстандағы бала саны қанша?

Қазақстандағы бала саны қанша?

03.06.2025

Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі – әр баланың сапалы білім алуына жағдай жасау. Президенттің тапсырмасына сәйкес Үкімет Оқу-ағарту министрлігі арқылы...

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

03.06.2025

Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау сыңғырлап, түлектер мектеппен қоштасуға дайындалып жатыр. Кеше ғана партада отырған бозбала мен бойжеткен бүгін сән салоны...

Балаларға арналған ұлттық ойындардың түрі қандай?

Балаларға арналған ұлттық ойындардың түрі қандай?

03.06.2025

Қазақ халқының сан ғасырлық тарихынан тамыр тартқан ұлттық ойындар қазіргі таңда балаларды тәрбиелеудің, тілін дамытудың, ой-өрісін кеңейтудің тиімді құралына айналды....

Әуе компаниялары балалармен ұшуға қандай талаптар мен жеңілдіктер ұсынады?

Әуе компаниялары балалармен ұшуға қандай талаптар мен жеңілдіктер ұсынады?

03.06.2025

Қазақстанда кәмелетке толмаған жолаушыларды ұшақпен тасымалдау ережелері нақтыланды. Көлік министрлігі ата-аналар мен әуе компанияларының назарын балаларды ұшыру кезіндегі басты талаптарға...

Келесі
Телефон алаяқтығына қарсы қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр?

Телефон алаяқтығына қарсы қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz