Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Қазақстандықтардың ислам банктеріндегі ақшалары күйіп кетуі мүмкін

Қазақстандықтардың ислам банктеріндегі ақшалары күйіп кетуі мүмкін

26.02.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек, Өзекті
99
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Қазақстандықтардың ислам банктеріндегі депозиттері қорғалмаған. Өйткені банк жабылса, салымшылар ақшасынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды kaskelen.kz.

Исламдық қаржыландыру Қазақстандағы негізгі қаржылық бағыттардың бірі. Ол дәстүрлі банкингке қарағанда бірқатар ерекшеліктерге ие. Себебі ол шариғат қағидаларына негізделген.

Солардың ішінде маңызды қағидаларға атап өтер болсақ:

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандағы бала саны қанша?

Қазақстандағы бала саны қанша?

03.06.2025
Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

03.06.2025
  • ақшаны саудалауға және пайыз алуға тыйым салынғандығы;
  • ақшаны жұмсауға қатысты тәуекелдің капитал иесі (инвестор) мен капитал берілген тұлғаға (кәсіпкер) үлестірілуі;
  • шариғат қағидаларына сәйкес белгілі бір қызмет түрлерін (темекі, спирттік ішімдіктер, қару-жарақ өндірісі және т.б.) қаржыландыруға тыйым салынғаны;
  • бөгденің мүлігін иемденуге және борышты сатуға тыйым салынғандығы.

Банктердің ақша тартудағы исламдық құралдарын кәдімгі, классикалық депозиттер деуге болмайды. Оны керісінше қаражатты банк пен клиенттің қандай да бір жобаға бірлесіп инвестициялауы деуге саяды. Бұл ретте тәуекел капиталдың иесі (инвестор) мен капитал берілген тұлға (кәсіпкер) арасында бөлінеді.

Қазақстанда исламдық қаржыландыру қағидаттары бойынша жұмыс істейтін екі ислам банкі бар. Олар: “Al-Hilal” АҚ және “Заман-Банк” АҚ.

Соңғы 5 жылда (2019-2023 жылдары) ислам банктері активтерінің орташа өсімі 19,4%-ды құрады, ал басқа дәстүрлі банктер бойынша орташа өсім – 13,7% болды.

Қазақстанда қызмет атқаратын ислам банктеріндегі депозиттерге кепілдік берілмейді.

Мұның негізгі себептері:

  • Қазақстанның банк жүйесінде ислам банктері үлесінің аз болуы және олардың негізінен корпоративтік шетелдік компаниялармен жұмыс істеуге бейімделгендігі;
  • ислам депозиттері бойынша білікті және кәсіпқой кадрлардың жетіспеуі, сәйкесінше бұл сақтандыруды жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді;
  • ислам банктерінде бөлшек саудалық, яғни жеке клиентке қатысты бағыттағы жұмыстар, оның ішінде халыққа арналған қаржылық өнімдер туралы халықты хабардар ету механизмі әлсіз дамыған.

Жалпы Қазақстанда ислам банкингін дамыту келешегі бар бағыт болып саналады. Бұл бір жағынан халықтың бір бөлігінің ерекше, өзіндік бір қаржы құралдарына деген қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталса, екінші жағынан Қазақстанның қаржылық қызметтер көрсету нарығында бәсекелестіктің дамуына септігін тигізеді.

Ұқсас материалдар

Қазақстандағы бала саны қанша?

Қазақстандағы бала саны қанша?

03.06.2025

Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі – әр баланың сапалы білім алуына жағдай жасау. Президенттің тапсырмасына сәйкес Үкімет Оқу-ағарту министрлігі арқылы...

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

03.06.2025

Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау сыңғырлап, түлектер мектеппен қоштасуға дайындалып жатыр. Кеше ғана партада отырған бозбала мен бойжеткен бүгін сән салоны...

Балаларға арналған ұлттық ойындардың түрі қандай?

Балаларға арналған ұлттық ойындардың түрі қандай?

03.06.2025

Қазақ халқының сан ғасырлық тарихынан тамыр тартқан ұлттық ойындар қазіргі таңда балаларды тәрбиелеудің, тілін дамытудың, ой-өрісін кеңейтудің тиімді құралына айналды....

Әуе компаниялары балалармен ұшуға қандай талаптар мен жеңілдіктер ұсынады?

Әуе компаниялары балалармен ұшуға қандай талаптар мен жеңілдіктер ұсынады?

03.06.2025

Қазақстанда кәмелетке толмаған жолаушыларды ұшақпен тасымалдау ережелері нақтыланды. Көлік министрлігі ата-аналар мен әуе компанияларының назарын балаларды ұшыру кезіндегі басты талаптарға...

Келесі
Бір уақыт белдеуіне көшу: Жұма намазы 1 наурыздан бастап нешеде оқылады?

Бір уақыт белдеуіне көшу: Жұма намазы 1 наурыздан бастап нешеде оқылады?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz