2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) 67,1 мың отбасынан 355,3 мың адамға тағайындалды. Ағымдағы жылы бұл мақсаттарға бюджеттен 60,5 млрд теңге қарастырылған, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі
17 шілдедегі шығарылымнан АӘК–тің негізгі мақсаты – ақшалай төлемдер түріндегі қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару болып табылады.
“Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті мансап орталығына, тұрғылықты жері бойынша ауылдық округ әкіміне немесе электрондық үкімет порталы арқылы бере алады (egov.kz)“, – деп мәлімдеді ҚР ЕХӘҚМ баспасөз қызметі.
Ведомствода АӘК көздейтінін еске салды:
- табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-нан аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау;
- 1 жастан 6 жасқа дейінгі аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға қоса алғанда әр балаға 1,5 АЕК (5538 теңге) мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру.
Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне АӘК алушылар қатарынан 109 мың мектепке дейінгі балаларға 2,9 млрд теңге сомасына қосымша төлем тағайындалды;
жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға уәжделген отбасыларға гранттар беру, біліктілікті арттыру курстарына жіберу (қажет болған жағдайда) және басқалар арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.
1 маусымдағы жағдай бойынша АӘК 66,5 мың отбасынан 352,2 мың адамға тағайындалды.
2024 жылғы ақпанда Мемлекет Басшысы Қасым–Жомарт Тоқаев халықты әлеуметтік қолдаудың құрылымы мен тетіктерін қайта қарауды, әлеуметтік көмектің тиімділігі мен атаулылығын арттыруды тапсырды. 23 мамырда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтардың жиынтық кірістері мен шығыстарын айқындауды ескере отырып, атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) көрсетудің бизнес–процесін трансформациялау тетігін әзірлейтіні белгілі болды.