Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Қазақстандықтарға арзан жалдамалы баспана үшін жылына 600 мың теңгеден жинау міндеті тағылмақ

фото: fishki.net

Қазақстандықтарға арзан жалдамалы баспана үшін жылына 600 мың теңгеден жинау міндеті тағылмақ

18.04.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
6
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Сатып алу құқығынсыз тұрғын үйді жалға беру бағдарламасына қазақстандықтарды ақша жинауға міндеттейтін өзгерістер енгізіледі, деп хабарлайды kaskelen.kz.

Тұрғын үйді жалға беру нарығындағы қазіргі бағаларды ескерсек, үйді жалға алу және өз үйіңе ақша жинау өте қиын. Көптеген қазақстандық барлық шығындарын өтегеннен кейін, ипотекаға бастапқы жарнаға жұмсауға жеткілікті ақша жинай алмайды.

Бұл мәселені шешудегі нұсқалардың бірі – халықтың әртүрлі санаттары үшін сатып алу құқығынсыз тұрғын үйді жалға берудің мемлекеттік бағдарламалары. Ай сайынғы жалдау ақысы әдетте коммуналдық қызметтерді қоспағанда 5 000 теңгеден 15 000 теңге аралығында.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандағы бала саны қанша?

Қазақстандағы бала саны қанша?

03.06.2025
Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

03.06.2025

Осы орайда қазір жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй беру шарттарын қатайту мүмкіндігі қарастырылуда. Жастар және отбасы істері комитеті “Ашық НҚА” порталында тиісті бұйрық жобасын әзірлеп, жариялады.

Мұнда сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй беру туралы шарт жасасқан немесе ұзартылғаннан кейін қатысушылар бір жыл ішінде жинақтауға тиіс ең төменгі сома бекітілді. Ол 170 айлық есептік көрсеткішті (АЕК) немесе 2024 жылы 627 640 теңгені құрайды.

Демек қазақстандықтар бағдарламаға қатысудың бірінші жылында өздерінің арзан жалдау ақысын тағы бір жылға ұзарту үшін осы шекті жинақтауы керек. Келесі жылдары ең төменгі сома АЕК-тің өзгеруіне байланысты әртүрлі болатынын атап өткен жөн. Бағдарламаға барлығы үш жылдан аспайтын мерзімге қатысуға болады. Қайталап қатысуға рұқсат етілмейді.

Айта кететін жайт, ережеде ақшаны тек тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде ғана сақтауға болатыны көрсетілген – қазіргі уақытта Қазақстанда мұндай банк тек “Отбасы банкі”. Басқа банктердегі ашық депозиттер есепке алынбайды. Бағдарламаға қатысу үшін құжатта атап өтілгендей, өтініш беруші, уәкілетті орган және банк арасында жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй беру туралы үш жақты шарт жасау қажет болады.

Бұл түзетулердің барлығы әлі күшіне енген жоқ. Бұйрық жобасы тек 30 сәуірге дейін жалғасатын қоғамдық талқылау сатысында. Сол себепті қазақстандықтар арзан жалдамалы баспанаға ақша жинауға міндеттелді деуге әлі ерте.

Тег: ақшажалға алузаңпәтер

Ұқсас материалдар

Қазақстандағы бала саны қанша?

Қазақстандағы бала саны қанша?

03.06.2025

Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі – әр баланың сапалы білім алуына жағдай жасау. Президенттің тапсырмасына сәйкес Үкімет Оқу-ағарту министрлігі арқылы...

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

03.06.2025

Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау сыңғырлап, түлектер мектеппен қоштасуға дайындалып жатыр. Кеше ғана партада отырған бозбала мен бойжеткен бүгін сән салоны...

Балаларға арналған ұлттық ойындардың түрі қандай?

Балаларға арналған ұлттық ойындардың түрі қандай?

03.06.2025

Қазақ халқының сан ғасырлық тарихынан тамыр тартқан ұлттық ойындар қазіргі таңда балаларды тәрбиелеудің, тілін дамытудың, ой-өрісін кеңейтудің тиімді құралына айналды....

Әуе компаниялары балалармен ұшуға қандай талаптар мен жеңілдіктер ұсынады?

Әуе компаниялары балалармен ұшуға қандай талаптар мен жеңілдіктер ұсынады?

03.06.2025

Қазақстанда кәмелетке толмаған жолаушыларды ұшақпен тасымалдау ережелері нақтыланды. Көлік министрлігі ата-аналар мен әуе компанияларының назарын балаларды ұшыру кезіндегі басты талаптарға...

Келесі
Елімізде мас күйде көлік жүргізген үшін қарастырылатын жаза жеңілдетіле ме?

Елімізде мас күйде көлік жүргізген үшін қарастырылатын жаза жеңілдетіле ме?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz