Балаларымыз шетелге оқуға түсуді мақсат көреді. Мұны олар әлемнің көптеген еліне жұмысқа тұру мүмкіндігімен түсіндіреді. Сонда біздің еліміздің дипломдары бұндай әлеуетке емес пе? Осы орайда Ғылым және жоғары білім министрлігі Қазақстанда берілген білім дипломдары әлемнің неше елінде жұмысқа тұруға жарамды екенін мәлім етті, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.
«Қазақстан Лиссабон Конвенциясын ратификациялады. Бұл конвенцияға қол қойған 55 ел (45 еуропалық ел мен Еуропа Одағына кірмейтін 10 елдің, оның ішінде АҚШ) бір-бірінін оқу нәтижелерін тануға келісті. Аталған құжат Қазақстанда аккредиттелген жоғары оқу орындарында білім алған азаматтарға дипломды нострификациялауға (ресми теңестіруге) мүмкіндік береді және нәтижесінде оларды оқуын жалғастыруға немесе жұмысқа орналасуға пайдалануға мүмкіндік береді», – деп жазылған министрлік мәліметінде.
Сонымен қатар ведомство мамандары Қазақстан бюджетінің көмегінсіз филиалын ашқан шетелдік университеттерді атады. Олар мыналар:
1. Де Монтфорт Қазақстан (инвесторлардың қаржысы)
2. Экономика Университеті (Польша) Шәкәрім университеті базасында (ақылы оқу)
3. Ковентри Университеті (инвесторлардың қаржысы)
4. Лу Бань шеберханалары (Кытай тарабының қаржысы)
5. Жасанды интеллект мектебі (Оңтүстік Корея тарабының қаржысы).