Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Қазақстанның қай аймақтарында инвестициялық жобалар көп?

фото: pixabay.com

Қазақстанның қай аймақтарында инвестициялық жобалар көп?

14.01.2025
Жаңалықтар, Керек - Дерек
2
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Қазақстанның инвестициялық жобалары жалпыұлттық пулында 769 жоба тіркелген. Ондағы инвестициялардың жалпы құны 34,3 трлн теңгеге бағаланған, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі.

Сауда және инвестициялық саясат жөніндегі сарапшы Ернар Серік атап өткендей, кейбір жобалар белсенді іске асыру сатысында емес.

Қазірдің өзінде 48 пайызында құрылыс-монтаж жұмыстары атқарылып (367 жоба) жатыр. Ал 40 пайызы құжаттаманы дайындау сатысында (310 жоба). 3 пайызы (26 жоба) бойынша әлі де қаржыландыру іздестіріліп отыр. Қалған 9 пайызы (66 жоба) іске қосылды.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстанда SIM-карта сатып алу тәртібі өзгереді: енді нөмірді eGov арқылы онлайн рәсімдеуге болады

Қазақстанда SIM-карта сатып алу тәртібі өзгереді: енді нөмірді eGov арқылы онлайн рәсімдеуге болады

03.07.2025
Қазақстанда әр азаматқа 10 сотық тегін жер беріледі: кім және қалай ала алады?

Қазақстанда әр азаматқа 10 сотық тегін жер беріледі: кім және қалай ала алады?

03.07.2025

Жобалар саны бойынша алда тұрған өңірлер

  • Астана — 2,3 трлн теңгені құрайтын 123 жоба;
  • Шымкент — 432 млрд теңгенің 62 жобасы;
  • Жамбыл облысы — 2,6 трлн теңгенің 49 жобасы;
  • Қызылорда облысы — 956 млрд теңгенің 48 жобасы;
  • Солтүстік Қазақстан облысы — 755 млрд теңгегенің 46 жобасы.

Жобалардың саны бойынша аутсайдерлер — жаңадан ашылған Ұлытау, Жетісу және Абай өңірлері, сондай-ақ Ақтөбе, Қарағанды ​​облыстары сияқты өнеркәсіптік дамыған өңірлер.

Инвестор елдер арасындағы көшбасшылар

  1. Қазақстандық инвесторлар — 18,7 трлн теңгені құрайтын 621 жобаны қамтыды;
  2. Қытай — 3,1 трлн теңгенінің 35 жобасы;
  3. Ресей — 5,9 трлн теңгенің 31 жобасы;
  4. Түркия — 1,6 трлн теңгенің 30 жобасы;
  5. БАӘ — 2,2 трлн теңгенінің 7 жобасы.

Ернар Серіктің сөзінше, жобалардың өңірлер бойынша біркелкі бөлінбеуі елдің негізгі индустриялық аймақтарына инвестиция тартудағы жүйелі проблемаларды байқатып отыр.

— Айқын бәсекелестік артықшылықтарға қарамастан, Ақтөбе және Қарағанды ​​облыстары инвестициялық жобалардың саны бойынша аутсайдерлердің қатарынан көрінді. Бұл жергілікті билік пен даму институттарының жеткіліксіз белсенділігінің, сондай-ақ инвесторлардың өздері үшін тартымды жағдайларды көрмегенінің белгісі. Жағдай өзгермесе, экономикалық әлеуеті жоғары өңірлер бәсекеге қабілетті позицияларын жоғалту қаупі бар, — деп жазды сарапшы.

Оның айтуынша, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы жобалардың салыстырмалы түрде көп болуы бұл өңірлердің белсенді түрде дамып, инвестициялық тартымдылық жағынан қарқын алып жатқанын байқатты.

— Пулдағы қазақстандық компаниялардың басым болуы отандық бизнестің дамып келе жатқанын аңғартады. Дегенмен, шетелдік инвесторлар арасында Қытай, Ресей және Түркия өкілдерінің басым болуы ел экономикасына негізінен Қазақстанмен тұрақты саяси байланыстары бар мемлекеттер инвестициялайтынын айқын көрсетті. Еуропа мен АҚШ инвесторларының елеулі үлесінің болмауы олардың сақтығын, яғни осы елдердің жоғары тәуекелдерге ерекше назар аударып отырғанын білдерді. Ұзақ мерзімді перспективада бұл жағдай біржақты тәуелділік қаупін тудырады және батыстың жаңа технологиялары мен озық басқару стандарттарына қол жеткізуді шектейді. Сондықтан бұл жағдай әртараптандырылған бағыттан капиталды тартуға қатысты стратегияны қайта қарауды талап етеді, — деді Е. Серік.

 

Тег: жобаинвестиция

Ұқсас материалдар

Қазақстанда SIM-карта сатып алу тәртібі өзгереді: енді нөмірді eGov арқылы онлайн рәсімдеуге болады

Қазақстанда SIM-карта сатып алу тәртібі өзгереді: енді нөмірді eGov арқылы онлайн рәсімдеуге болады

03.07.2025

Қазақстанда ұялы байланыс нөмірін сатып алу тәртібі түбегейлі өзгеруі мүмкін. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі телекоммуникация нарығын жетілдіру...

Қазақстанда әр азаматқа 10 сотық тегін жер беріледі: кім және қалай ала алады?

Қазақстанда әр азаматқа 10 сотық тегін жер беріледі: кім және қалай ала алады?

03.07.2025

Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес, әрбір кәмелет жасқа толған азамат жеке тұрғын үй құрылысы үшін 10 сотық жер учаскесін тегін...

4 ай ішінде ел экономикасына бөлінген инвестициялар қай салаларға жұмсалды?

4 ай ішінде ел экономикасына бөлінген инвестициялар қай салаларға жұмсалды?

03.07.2025

2024 жылдың қаңтар–сәуір айларында Қазақстанда негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі 4,4 трлн теңгеден асты. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі Стратегиялық...

Борышкер тізіміне кімдер және қандай жағдайда енгізіледі?

Борышкер тізіміне кімдер және қандай жағдайда енгізіледі?

03.07.2025

Қазақстанда ірі көлемде салық берешегі бар заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің тізімі Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтында ашық жарияланады. Бұл...

Келесі
Метапневмовирусқа қарсы вакцина бар ма?

Метапневмовирусқа қарсы вакцина бар ма?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz