Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Келесі жылы Қазақстанда такси бағасы қымбаттайды

фото: Kursiv.media

Келесі жылы Қазақстанда такси бағасы қымбаттайды

15.12.2023
Жаңалықтар
52
👁️
WhatsappTelegramFacebook

2024 жылдан бастап мемлекеттен таксопарктерге жалға берілетін көліктер үшін субсидия тоқтатылады. Сондықтан алдағы уақытта елде такси бағасы өседі, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

Тұрғындар, әсіресе алматылықтар, бағаның шарықтап жатқанын айтып, шағым түсірді. Бүгінгі күні такси шақыру қолжетімсіз болып бара жатқанын айтады.

Алайда такси жүргізушілерінің өз уәжі бар. Күнде көлікті жалға алып, жанармай, таксопарк қызметі мен көліктің күнделікті шығынын алып тастағанда, өздерінің табысы 10 мың теңгеге жетпейтінін айтты. Енді келесі жылы мемлекеттен берілетін субсидия алынса, онда көліктердің құны тағы артып, тиісінше бұл жолаушылар қызметінің қымбаттауына әкеледі.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандағы бала саны қанша?

Қазақстандағы бала саны қанша?

03.06.2025
Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

03.06.2025

“Біз онсыз да көп табыс таппаймыз. Күнделікті шамамен 20-25 клиент апарамыз. Барлық шығынды алып тастаса, өзім күніне 7000 теңгедей ғана таза табыс табамын. Келер жылдан бастап үкімет таксопарктерге субсидия бөлуді тоқтатуы мүмкін. Сол уақытта біздің күнде жалға алып жүрген көліктеріміздің құны өседі. Сәйкесінше, такси бағасы да шарықтауы мүмкін”, – деді жүргізушілер одағының атқарушы директоры Нұркен Тәжібай.

Қазіргі таңда жүргізушілер жалға алған көліктер үшін күніне 12000 теңгеден бастап 20 мыңнан жоғары ақы төлейді. Таксопарк көліктерін мініп жүретіндердің саны мегаполис бойынша 60 пайыздан асады. Әзірге бұл ақпарат туралы нақты шешім шыққан жоқ. Сол себепті такси жүргізушілерінің жайы қалай шешілері алдағы уақытта белгілі болмақ.

Тег: бағатаксиЯндекс Такси

Ұқсас материалдар

Қазақстандағы бала саны қанша?

Қазақстандағы бала саны қанша?

03.06.2025

Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі – әр баланың сапалы білім алуына жағдай жасау. Президенттің тапсырмасына сәйкес Үкімет Оқу-ағарту министрлігі арқылы...

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

03.06.2025

Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау сыңғырлап, түлектер мектеппен қоштасуға дайындалып жатыр. Кеше ғана партада отырған бозбала мен бойжеткен бүгін сән салоны...

Балаларға арналған ұлттық ойындардың түрі қандай?

Балаларға арналған ұлттық ойындардың түрі қандай?

03.06.2025

Қазақ халқының сан ғасырлық тарихынан тамыр тартқан ұлттық ойындар қазіргі таңда балаларды тәрбиелеудің, тілін дамытудың, ой-өрісін кеңейтудің тиімді құралына айналды....

Әуе компаниялары балалармен ұшуға қандай талаптар мен жеңілдіктер ұсынады?

Әуе компаниялары балалармен ұшуға қандай талаптар мен жеңілдіктер ұсынады?

03.06.2025

Қазақстанда кәмелетке толмаған жолаушыларды ұшақпен тасымалдау ережелері нақтыланды. Көлік министрлігі ата-аналар мен әуе компанияларының назарын балаларды ұшыру кезіндегі басты талаптарға...

Келесі
“Жыныс мүшелерін кесіп, өртеді”: ХАМАС шабуылын көрген куәгер әйелдерді қалай азаптағанын айтып берді

"Жыныс мүшелерін кесіп, өртеді": ХАМАС шабуылын көрген куәгер әйелдерді қалай азаптағанын айтып берді

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz