Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
“Көмекке барамын деп басы бәлеге қалды”: Алматыда адам өлтірді деген күдікпен 17 жасар жасөспірімнің соты өтті

фото: видеодан үзінді

“Көмекке барамын деп басы бәлеге қалды”: Алматыда адам өлтірді деген күдікпен 17 жасар жасөспірімнің соты өтті

08.12.2023
Жаңалықтар
501
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Алматыда жаппай төбелесте адам өлтірді деген күдікке ілінген жасөспірімге қатысты сот өтті. 17 жасар жігітке пышақпен қатарласын жазым қылды деген айып тағылған. Алайда оның қылмысқа қатысы барын айғақтайтын нақты дәлел жоқ, жазықсыз жаза арқалай ма деп ата-анасы алаңдауда, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

“Ұлым досына көмекке барамын деп басы бәлеге қалды”. Жарты жылдан бері әділдік іздеген Әнуарбек Иманбеков шындыққа жете алмай жүрмін деп шырылдайды. Жасөспірімдердің арасындағы төбелесте ешкімге пышақ сұқпаса да, ұлы Арсеннің күдікті деп танылып, қасындағылардың куәгерлерге айналғанын түсінбей дал.

“Ешкімді қамаған жоқ. Бәрін жібере салды да, менің баламды қамап тастады. Осы уақытқа дейін бәрі қамалғанда, бәрінің анық-қанығы, кім өлітіргені, с ол жерде шығатын еді, ақ-қарасы. Олардың бәрі куәгер. Тек қана куәгер боп жүр. Менің балам оларды ертіп алып, сол жанжалға барып, менің балам тығып (пышақ – ред.), әңгіме сондай сияқты болып тұр. Әділеттік жоқ болып тұр. Соттың болып жатқанына да, мына жерде созып жатыр. Істің сотта жатқанына бақандай бес ай болды”, – дейді Әнуарбек Иманбеков.

Бір жасөспірім өлген атышулы істе бүгін тәуелсіз сарапшылар сотта жауап берді. Оқиға орнында табылған пышақта ешқандай қан ізі анықталған жоқ. Сондай зерттеу жүргізетін мамандар дәлел ретінде келтірген пышақтың қылмысқа қатысы болмауы да мүмкін деген ойымен бөлісті.

“Қылмыс жасаған қару әлі табылмады. Сонда қалайша оған негізсіз айып тағады? Іс біржақты қаралып жатыр деп есептейміз. Үш сарапта жасалды. Пышақты сүртіп, тазалағанның өзінде ДНК ізі қалады деген қорытындысын айтты. Алматыда жасалған сот-медициналық сараптамасы да ДНК ізі жоқ екенін көрсетті. Нақты дәлелсіз қалайша адамды соттауға болады? Жауапқа тартылған куәгерлердің ешқайсысы нақты менің қорғауымдағы жігіттің өлтіргенін көрдік деп айтпады. Сондықтан бұл іс бойынша жазықсыз адам сотталмауы тиіс”, – деп түсіндірді адвокат Әлібек Секеров.

Бұл істе тағы бір айғақ пайда болды. Кінәлі Арсен емес, басқа жігіт екенін айтқан куәгердің аудиожазбасы табылды. Судья оған қатысы бар адамды келесі отырыста тыңдаймыз деген тоқтамға келді.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

“Шақырып тұрып осы жерде тыңдауымыз керек. Біреу айтты деген, естідім деді ме, өзі көрді ме, айтсын осы жерде. Ашық сот отырысы болғаннан кейін сондай шешім болады”, – дейді судья Ерлан Болатов.

Отырыстың аяғы шуға ұласты. Бүгін куәгер ретінде жауап берген, сол төбелеске күдіктіні шақырған жігітке неге шындықты айтып, мойындамайсыңдар деген Арсеннің жақындары шүйлікті.

Тег: Жасөспірімқылмысполициясот

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
“Жұмысшылардың құқықтарын бұзған”: Прокуратура ҚТЖ компаниясынан бірнеше заңбұзушылықты анықтады

"Жұмысшылардың құқықтарын бұзған": Прокуратура ҚТЖ компаниясынан бірнеше заңбұзушылықты анықтады

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz