Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
“Күйеуіңмен тең құқылысың деген сөз ұнамайды”: Гүлзира Айдарбекова ажырасулар жайлы өз ойын айтты

фото: instagram.com/gulziraaidarbekova

“Күйеуіңмен тең құқылысың деген сөз ұнамайды”: Гүлзира Айдарбекова ажырасулар жайлы өз ойын айтты

20.11.2023
Жаңалықтар
281
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова еліміздегі ажырасу себебін айтып, әйелдерді ер адамдардан бір саты төмен тұруға шақырды, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

Продюсер жақында Солтүстік Кипр еліне демалуға кеткен еді. Осы демалысты пайдаланып, оқырмандарымен тығыз байланыс орнатып, олардың тарапынан қойылатын сұрақтардың бірін де жауапсыз қалдырмауға тырысуда.

“Қазір қоғамда жиі айтылатын сөзге қарным ашады. “Өзіңді жақсы көр, күйеуіңмен теңсің, өзің ғана күшті бол” дегенді асыра сілтеп тастаған. Негізі, тереңнен ойласақ, біздің менталитетке сай келмейді. Біздің қазақ әрдайым ер адамды сыйла, әйел бір саты төмен дейді. Бізді ата-анамыз осылай тәрбиелеген. Олардың тәлімі біз үшін өмір бойы сабақ. Жолдасымның айтқанына көбірек құлақ түремін. Дұрыс болмай жатса, айтып түсіндермін. Мейлінше, ортақ шешімге келуге тырысамыз. Сіз де күйеуіңіздің бетінен алмай, тәкәппарлық танытпай, шешімін табыңыз. Отбасылық құндылық осыдан басталады”, – дейді продюсер.

Оның айтуынша, әйелдердің ерлермен тең болуы – жат нәрсе, түбі ажырасуға әкеп соғады.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

“Қазіргі уақытта ерлі-зайыптылар арасында әйелдер менмендікке салынып, артық кетіп жатады. Еліміздегі ажырасудың көбеюі де осыған байланысты. Қай жағынан алып қарасақ та, ерлермен тең болуымыз – жат ұғым. Басқа ұлттарға қарасаң, қартайған шағында жалғыз қалады немесе қарттар үйіне өткізіп жібереді. Мейірім жоқ. Осындай өмірдің бетін әрмен қылсын! Біздікілер соларға еліктеп, өзіңді жақсы көр, күйеуіңе міндетті емессің” дегенді жиі айтады. Олардың дені біздің қазақы тәрбиемізге, өмір сүру салтымызға келе ме, зияны тимей де деп саралау керек. Ғаламтордағы ақпаратты сүзгіден өткізіп, керегін ғана алу керек. Қазір көп әйел “өзім”, “өзімдікі ғана дұрыс” деп кетті. Ол қазақтың “Мықты еркектің артында әйел тұрады” деген қанатты сөзімізді ұмыттырды. Ерлерге әйел тарапынан қолдау болмағасын отбасында махаббат пен мейірім азайып қалғандай көрінеді”, – дейді Гүлзира Үсенқызы.

Тег: ажырасуГүлзира Айдарбекова

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
“Амандасқанда қол бермей қойды”: Талғат Жорабаев экс-жездесі Сәбит Әбдіхалықовпен қарым-қатынасы жайлы сыр тарқатты

"Амандасқанда қол бермей қойды": Талғат Жорабаев экс-жездесі Сәбит Әбдіхалықовпен қарым-қатынасы жайлы сыр тарқатты

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz