Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
“Күнде бастан ұрып, ішімізден тебеді”: 20 жастағы сарбаз әлімжеттік көргенін айтты

фото: видеодан үзінді

“Күнде бастан ұрып, ішімізден тебеді”: 20 жастағы сарбаз әлімжеттік көргенін айтты

07.12.2023
Жаңалықтар
406
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Алматы облысындағы № 3660 әскери бөлімінің сарбазы әскерде күн сайын соққыға жығылатынын айтып, шағымданды, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы Azattyq Radiosy арнасына сілтеме жасап.

Шымкенттік 20 жасар Сапархан Қауынбай әскерде әлімжеттік бар екенін айтып, шағымданды. Оның сөзінше, шені жоғарылар оны басынан ұрып, ішінен тебеді.

“6 ай үлкендер жұдырықпен, шынтақпен ұрады.Тәртіп бұзбасақ та, еш себепсіз, іштері пысқанда, тиісе бастайды. Айтқанымызды істеп, қорқып жүрсін деп істейді.  Аптасына 1 рет дәрігерлер денені тексереді, бірақ басты қарамайды”, – деді сарбаз.

Айтуынша, арада ақша бопсалау да бар. 1000-2000 теңгеден алып, темекі насыбай алғызатын көрінеді.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Сапархан үйіне барған кезде талып қалған. Әкесі оның лезде жүдеп кеткенін байқапты. Осы себеппен
дереу әскери бөлімге барып, прокуратураға жолыққан.

“Бес ай бойы қысым көргенін жасырып, айтпай келді. Намыстанған болса керек. Балам екі ай бұрын 78 кг еді, қазір 67 кг болып кетіпті. Сол үшін “не болды, жасырма” деп айтқыздым. Кінәлілер жазасын алғанын қаладым. Мен ұлымды әскерде таяқ жесін деп емес, Отан алдындағы борышын өтесін деп жібердім. Өзі осы әскерге сұранып барды”, – деді сарбаздың әкесі Ғани Алтаев.

Жігіттің сөзінше, соққыдан соң оның басы ісіп, жаралар да болған. Алайда сарбаздар әлімжеттік деректері бойынша ешкімге шағымданбайды екен. Себебі айтып қойса, қысым үдей түседі.

“Шағымдансақ, “тоқылдақ” деп шеттетеді. Олар ұрып-соғуын ұйықтар кезде бастайды. Бәріне қол көтеріп шығады”, – деді Қауынбай.

Жігіттің басы томографияға түсірілді, нәтижесі кейін шығады. Осы жағдайдан соң басқа бөлімге ауысты.

“Әскерде ондай теріс қылықтар жоқ, біз ондайға жол бермейміз. Егер рас болса, әскери тергеу басқармасы онымен айналысады, тергейді. Мен өз басым мұндай нәрсе жоқ деймін”, – деді №3660 әскери бөлім командирі Жангелді Әбдіқадыров.

Тег: әлімжеттікәскерБасты жаңалықтарсарбаз

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
“Маған бір әйел жетеді”: Нұрлан Қоянбаев жұбайына үй тірлігі бойынша көмектесетінін айтты (видео)

"Маған бір әйел жетеді": Нұрлан Қоянбаев жұбайына үй тірлігі бойынша көмектесетінін айтты (видео)

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz