Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
“Қызым” деп айтпаймын: Жеңіс Ысқақова келінімен қарым-қатынасы жайлы айтты (видео)

фото: ашық дереккөз

“Қызым” деп айтпаймын: Жеңіс Ысқақова келінімен қарым-қатынасы жайлы айтты (видео)

11.01.2024
Жаңалықтар
299
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Эстрада әншісі Жеңіс Ысқақова қоғамда қызу талқыланып жүрген ене мен келін тақырыбына пікір білдірді, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі “1001 түн” бағдарламасына сілтеме жасап.

Әнші өзінің қандай ене екенін айтты.

“Қазір басқаша сөйлеймін. Келінге “келін” деп қараймын. Ол үлкен статус қой. “Келін” деген статусты алып жүрудің өзі – үлкен жауапкершілік. “Қызым” деп айтпаймын. Келінім – үйімнің сәні. Замандастарыма ұлыңыз таңдаған жарды мінеп-сынап қарамағаны жөн. Келіндік міндетін атқарған кезде білмегенін көрсетіп, үйретуі керек. Біз келінімізбен бірге тұрамыз. Ескертудің өзін келініме үшінші күні жаймен ақырындап жеткіземін. Оның көңіліне қарап тұрамын. Асханада бірге жүреміз. Келінім – ұстаз. Докторантурада оқиды. Үйде болсам, тамақты өзім жасай аламын”, – деді ол.

Сонымен қатар ол өзін қалай тәрбиелеп жүргенін де жасырмады.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

“Біз келіннен көп нәрсе күтеміз. Істеген тірлігінің бәрі көңілден шығуы керек деп ойлаймыз. Ал “өзіміз қандай енеміз?!” деген сұраққа жауап бере алмай қаламыз. Ол да – адам, оның үстіне жап-жас бала. Өз балаңмен қатар. Менің түрім суық болып көрінгенімен бала десе бауыр етім езіліп тұрады. Жұрт мені қатал деп ойлайды сол үшін. Өзімді ашуға берілмей, сабырлы болуға тәрбиелеп жүрмін. Кейде келінімнің тамағы дәмсіз, шикі болып қалса “келесі жолы мұндайға жол берме” деп айтамын. Ол да – менің балам”, – деп шынын айтты өнер иесі.

Тег: енеЖеңіс Ысқақовакеліншоу бизнес

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
Депутат тергеушілерден қашамын деп парламент ғимаратының екінші қабатынан секіріп кеткен (видео)

Депутат тергеушілерден қашамын деп парламент ғимаратының екінші қабатынан секіріп кеткен (видео)

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz