Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
МӘМС-ке айлығы жоғары қазақстандықтардан қанша ақша түспей жатыр?

фото: pixabay.com

МӘМС-ке айлығы жоғары қазақстандықтардан қанша ақша түспей жатыр?

23.08.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
7
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Қазір елдегі ең жоғары айлық алатын адамдар МӘМС-ке табысының 0,4 пайызын ғана төлеп жүр. Ал айлығы 850 мың теңгеге жетпейтін өзге қазақстандықтар табысының 2 пайызын МӘМС-ке аударады. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Әбілқайыр Сқақов осы әділетсіздік жойылса, қорға қосымша 250 млрд теңге түсетінін айтады, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі.

Астанада өткен баспасөз мәслихатында Ә.Сқақов МӘМС-ке жарна алынатын айлық сомасының жоғарғы шегін 850 мың теңгеден 4,5 млн теңгеге көтеру мәселесі қаралып жатқанын айтты. Оның сөзінше, осы шектеудің «арқасында» айлығы 850 мың теңгеден асатын 500 мың адам МӘМС-ке айлығының 2 пайызына жетпейтін жарна аударып жүр.

«Негізі ол МӘМС-ке жарна төлейтін барлық адамдардың 7 пайызы ғана, 500 мың адам көлемінде. Егер жоғары шекті 850 мың теңгеден 4,5 млн теңгеге дейін көтерсек, қорға қосымша 250 млрд теңге түседі деген есебіміз бар.

Қазір республика бойынша ең жоғары айлық алатын адамдар табысының 0,4 пайызын ғана МӘМС-ке жарна ретінде төлеп отыр. Ал басқа қазақстандықтар айлығының 2 пайызын төлейді. Егер осы ұсыныс қолдау тапса, бұл әділетсіздік жойылатын еді», – дейді Әбілқайыр Сқақов.

Сонымен қатар, ол бұл қосымша ақшаның қайда жұмсалатынын да айтты.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

«Егер ұсыныс қолдау тауып жатса, пайда болған 250 млрд теңгені медициналық көмекті қаржыландыруға жұмсалады. Яғни, бұл соманың есебінен табысы төмен қазақстандықтарды МӘМС-тен босату қарастырылып отырған жоқ. Өйткені бізде жұмыссыздар мен зейнеткерлер, әлеуметтік осал топтар онсыз да жеңілдетілген санатқа енгізілген. Олардың үлесі 60 пайыздан асады. Оның үстіне МӘМС-тің басты қағидаты – ортақ жауапкершілік. Сондықтан бұл 250 млрд теңгені медициналық көмекті қаржыландыруға бағыттау көзделіп отыр», – деді қор басшысы.

Тег: айлықМӘМС

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
Алматыдағы тәртіпсіз таксистер мәселесі қалай шешіледі?

Алматыдағы тәртіпсіз таксистер мәселесі қалай шешіледі?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz