Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Маңғыстауда мүгедектігі бар жасөспірімді бір топ жеткіншек ұрып-соққан

фото: ашық дереккөз

Маңғыстауда мүгедектігі бар жасөспірімді бір топ жеткіншек ұрып-соққан

24.01.2024
Жаңалықтар
112
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Маңғыстау облысының тұрғыны кәмелетке толмаған мүгедек баласын бір топ жеткіншек ұрып-соққанын айтты. Полиция оқиғаға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

Lada.kz басылымының мәліметі бойынша, анасы былтыр қыркүйекте ұлын бір топ жеткіншек соққыға жыққанын айтқан. Соққыдан жарақат алғаннан кейін жасөспірімде селкілдек ұстамасы пайда болды, оған “2-дәрежелі эпилепсия” диагнозы қойылып, үшінші топтағы мүгедектік тағайындалды.

Жеткіншекті бұдан кейін тағы да ұрып кеткен.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

“Білмеймін, мүмкін бұлар бір адамдар шығар. Бұған дейін соққыға жыққан кінәлілер жазаланған жоқ. Тергеу жалғасуда. Енді тағы да ұрып кеткен. 20 қыркүйек, сағат 06:30 шамасында болды. Ұлым мен оның досы дүкеннің жанында тұрған, ұлымның айтуы бойынша оны 8-10 жасөспірім ұрған”, – деді анасы.

Оның сөзінше, жасөспірімді ұрып-соққандар анықталған, бірақ полицейлер қылмыстық іс қозғамаған, тек ұсақ бұзақылық жасағаны үшін оларға әкімшілік хаттама толтырлған.

“Сот-медициналық сараптама әлі тағайындалған жоқ. Біз әділдік пен қауіпсіздікті қалаймыз”, – дейді зардап шеккен баланың ата-анасы.

inAktau басылымының жазуынша, Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі Ақтауда жеткіншектерді алдымен әкімшілік жазаға тартқанын растады. Облыстық ПД өкілдері кейінірек 14 жастағы жасөспірімді ұрып-соғу ісі әкімшілік істен қылмыстық іске ауыстырылғанын мәлімдеді.

14 және 15 жастағы екі мектеп оқушысы қылмысты жасады деген күдікке ілінген.

“Дене жарақатының ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Бұл факт Қылмыстық кодекстің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша тіркелді. Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жария етілмейді”, – делінген ведомство хабарламасында.

Тег: әлімжеттікЗорлық зомбылықМаңғыстау

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
Елімізде вейп сатқандар бес жылға дейін сотталады

Елімізде вейп сатқандар бес жылға дейін сотталады

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz