Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Медициналық қызмет сапасы бойынша қайда шағымдануға болады?

фото: pixabay.com

Медициналық қызмет сапасы бойынша қайда шағымдануға болады?

04.06.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
4
👁️
WhatsappTelegramFacebook

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық ұйымдарда қызмет көрсету сапасына шағымдар бойынша түсінік берді, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі.

«Денсаулық сақтау министрлігі өзінің бақылау функциялары аясында, сондай-ақ «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы бақылау мен мониторингті жүзеге асырады. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінде медициналық қызметтердің тәртібін, стандарттарын және оның сапасыз көрсетілгені үшін, сондай-ақ ТМККК және МӘМС аясында медициналық көмекті ақылы негізде көрсеткені үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген», – делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Азаматтар Қордың филиалына немесе ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесіне медициналық ұйымды, емдеуші дәрігерді көрсете отырып, сапасыз медициналық көмек көрсету фактісі бойынша жүгінуге құқылы.

Сондай-ақ, медициналық ұйымдарда пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметі бар. Мәселені шешуді талап ететін түрлі жағдайлар туындаған кезде, медициналық сапа бойынша қызметтік тергеу жүргізуге және пациенттің құқықтары бұзылған жағдайда шаралар қабылдау үшін осы қызметтерге жүгінуге болады.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандағы бала саны қанша?

Қазақстандағы бала саны қанша?

03.06.2025
Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

03.06.2025

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жүгініп, өз құқығын қорғайтын азаматтардың саны жыл сайын артып келеді. Олардың арыз-шағымына келер болсақ, былтыр 1414 бірыңғай байланыс орталығына, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасына және Қордың fms.kz сайтына 26 мыңнан астам өтініш-шағым келіп түскен. Бұған кеңес алу да кіреді. Көп кездесетін сұрақтардың қатарында медициналық көмекті сапалы көрсетпеу, медициналық көмек көрсетуден бас тарту, дәрі-дәрмектерді беруден бас тарту, жалған жазбалар, МӘМС аясында көрсетілетін қызметтер бойынша кеңес беру бар. Қор мамандары келіп түскен өтініштер мен шағымдарды жеке-жеке қарайды және шешімін жүгінген азаматқа жолдайды. Қажет болған жағдайларда, жоспардан тыс мониторинг жасалады. Оның нәтижелері бойынша фактілер расталса, экономикалық ықпал ету шаралары қабылданады», – деп аталып өткен Денсаулық сақтау министрлігі ақпаратында.

Тег: қызмет сапасыМедицинашағым

Ұқсас материалдар

Қазақстандағы бала саны қанша?

Қазақстандағы бала саны қанша?

03.06.2025

Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі – әр баланың сапалы білім алуына жағдай жасау. Президенттің тапсырмасына сәйкес Үкімет Оқу-ағарту министрлігі арқылы...

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

03.06.2025

Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау сыңғырлап, түлектер мектеппен қоштасуға дайындалып жатыр. Кеше ғана партада отырған бозбала мен бойжеткен бүгін сән салоны...

Балаларға арналған ұлттық ойындардың түрі қандай?

Балаларға арналған ұлттық ойындардың түрі қандай?

03.06.2025

Қазақ халқының сан ғасырлық тарихынан тамыр тартқан ұлттық ойындар қазіргі таңда балаларды тәрбиелеудің, тілін дамытудың, ой-өрісін кеңейтудің тиімді құралына айналды....

Әуе компаниялары балалармен ұшуға қандай талаптар мен жеңілдіктер ұсынады?

Әуе компаниялары балалармен ұшуға қандай талаптар мен жеңілдіктер ұсынады?

03.06.2025

Қазақстанда кәмелетке толмаған жолаушыларды ұшақпен тасымалдау ережелері нақтыланды. Көлік министрлігі ата-аналар мен әуе компанияларының назарын балаларды ұшыру кезіндегі басты талаптарға...

Келесі
Қазақстанда заң қашан қазақ тілінде жазыла бастайды?

Қазақстанда заң қашан қазақ тілінде жазыла бастайды?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz