Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Медициналық ұйымдарда қомақты сомадағы қарыз ненің салдарынан болды?

фото: pixabay.com

Медициналық ұйымдарда қомақты сомадағы қарыз ненің салдарынан болды?

10.06.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
0
👁️
WhatsappTelegramFacebook

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қомақты сомада қарызы бар медициналық ұйымдарға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

«2024 жылғы 20 қаңтардағы жағдай бойынша медициналық ұйымдардың кредиторлық берешегі 82,3 млрд теңгені құрады. Медициналық ұйымдардың жедел деректеріне қарағанда, биылғы 20 наурызда кредиторлық берешек 75,9 млрд теңгеге дейін азайды. Оның пайда болуының негізгі себептеріне тоқталсақ, медициналық ұйымдардағы басшыларының басқарушылық шешімдері (менеджменттің төмен деңгейі) әсер етті. Бұл тұрғыда, медициналық көмек көрсету стандарттарын бұзу, кредиторлық берешек болған кезде сараланған төлемді және сыйлықақы төлеуді ұлғайту, төсек қорын ұтымсыз пайдалану жағдайлары кездесті. Екіншіден, дәрілік заттар мен медициналық құрал-жабдықтарды сатып алу және жұмсау процесінде аналитиканың болмауы ықпал етті. Үшіншіден, инфляция деңгейін ескере отырып, тарифті индекстеу ескерілмеген», — делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

2024 жылғы 22 ақпанда өткен Денсаулық сақтау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында кредиторлық берешекті төмендету бойынша мынадай қысқа мерзімді шаралар ұсынылды:

  • кредиторлық берешекті қысқартудың қабылданып жатқан шаралары бойынша денсаулық сақтау басқармалары және медициналық ұйымдар басшыларының есеп беру тәжірибесін енгізу;
  • стационарларда клиникалық фармакологтың рөлін күшейту немесе қауымдастықтармен баламалы өзара әрекеттесу бойынша жұмысты атқару;
  • халыққа медициналық ұйымдардың қаржылық жағдайы бойынша бас дәрігерлердің есептерін жариялау тәжірибесін енгізу;
  • қаржы қызметкерлері мен медициналық ұйымдарының менеджмент қызметкерлерін оқыту.

«Жоғарыда аталған ұсыныстар ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 14 наурыздағы № 152 бұйрығымен бекітілген медициналық ұйымдардың кредиторлық берешегін оңтайландыру арқылы қаржылық тұрақтылықты жақсарту іс-шаралар жоспарында ескерілген.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Бұдан бұрын хабарланғандай, жылдың басында елімізде несие берешегі бар медициналық ұйымдардың жағдайы тексеріліп жатқаны белгілі болды.

Сол кезде Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова 400-ден астам медициналық ұйымның 82 млрд теңге сомасында несие берешегі барын айтты.

Тег: қарызМедицинаұйым

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
Неге елімізде утиль алым бойынша мәселе әлі шешілмей жатыр?

Неге елімізде утиль алым бойынша мәселе әлі шешілмей жатыр?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz