Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
«Мен сіздерді алдап келдім»:  Әнші Индира Расылхан халықтан кешірім сұрады

«Мен сіздерді алдап келдім»: Әнші Индира Расылхан халықтан кешірім сұрады

29.09.2023
Жаңалықтар
72
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Соңғы кезде дінге, психологияға бет бұрған Индира Расылхан көпшіліктен кешірім сұрап, желідегі парақшасында бейнеүндеу жасады, деп хабарайды Kaskelen.kz

“Ойым шашыраңқы болса да, жеткізуге тырыстым. Сіздерден кешірім сұраймын. Бүгін ерекше эфир болайын деп тұр. Сіздердің алдарыңызда кеткен қателігімді, алдап жүрген мәселелерімді ашық айтуға ниеттендім. Ашық сөйлескім келіп тұр. Қазір шыны керек, ойым шашыраңқы болып тұр. Сөз таңдамай, қалай бар, солай жеткізуге тырысамын. Көп адам білетін нәрсені айтқалы отырмын. Сіздерді алдап келдім. Сіздер мені әнші Индира деп таныдыңыздар.

Өнерім, ән арқылы сіздердің жүректеріңізден орын алып, жүректеріңізді жаулап алуға тырыстым. Және сол үшін сіздерден кешірім сұраймын. Ал психлогиялық тұрғыдан сіздермен 2-3 жыл болып қалды. Қанша адаммен сөйлестім, қанша жанның мұңын тыңдадым, көмектестім. Осы орайда менен көп қателік кетті. Психология бір білім ғой. Бірақ бұл – Алладан емес, батыстан келген білім. Осы психология арқылы көп нәрсені түсіндім. Психологиядағы техникаларды өз адамдарыма бердім, үйреттім және өзім де соны қолдандым. Ол отбасына, арақатынасқа, ақшаға байланысты болды. Бірақ ризық маған асып берілген жоқ, көл-көсір өмір сүрген жоқпын. Керісінше, кейін қарай кеттім. Қарызға баттым, көңіл күйім жоқ. Содан өзіме “неге?” деген сұрақ қойдым”, – дейді Индира Расылхан.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Өнер иесі енді ән айтпайтынын мәлімдеді.

“Бәлкім, біреуіңіз өнерімді, біреуіңіз психологиямды жақсы көрген боларсыздар. Ең бастысы, менің айтқалы тұрған нәрсем – психологиялық техника, аффирмация мен медитацияға да кеңес бермес едім. Алла менің ризығымды арттырмады. Мен адасу, қателік жасау арқылы Алланы таптым. Қазір қандай жағдай болса да, мен тек дұға етемін. Мен үлкен сынақтан өттім. Қиын кезеңнен өттім. Оны дұшпанымның да басына тілемеймін. Алла ол нәрсемен сынамасын деп тіледім. Не ауру емес, не сау емес күйден өттім. Қазір өз-өзіме келдім. Сіздерді алдап жүргендей сезіндім. Расында алдадым. Мен Алладан келген білімді емес, адамдар ойлап тапқан техниканы сіздерге бердім. Жүректеріңізге психолог ретінде жол тапқан болсам, кешірім сұраймын. Мен ресми түрде мәлімдеме жасағым келіп отыр, бұдан кейін ән айтпаймын”, – деді экс-әнші.

Бірақ желі қолданушылары Индира Расылханның бұл мәлімдемесін қабылдай алмады.

“Қара киіміңді шеш, әніңді айт, басқа ештеңе керек емес, намазыңды оқи бер”, “Ринаттың сөздерін дәлелдеп жатырсыңдар”, “Адасып кеттің, Индира”, “Оранып алып, алдап келдім дей ме?”, “Адаспашы, өнерің ұнайды”, – деп жазды желідегілер.

Тег: әншіИндира Расылханшоу бизнес

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
“Дінде рұқсат жоқ”: Анасы дәрігерлерге қан құюға рұқсат бермеген екі жасар сәби көз жұмды

"Дінде рұқсат жоқ": Анасы дәрігерлерге қан құюға рұқсат бермеген екі жасар сәби көз жұмды

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz