Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Неліктен қарызға салынған жолдар бюджет қаржысына салынған жолдан 3 есе қымбат?

фото: pixabay.com

Неліктен қарызға салынған жолдар бюджет қаржысына салынған жолдан 3 есе қымбат?

13.06.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
73
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Автожол саласында шұғыл шешімдер қабылдауды талап ететін жүйелі кемшіліктер анықталды, деп хабарлайды kaskelen.kz.

Оның сөзінше, соңғы төрт жылда автомобиль жолдарын салуға, реконструкциялауға және күтіп-ұстауға 1,9 трлн теңге бөлінді. Аудит деректері бойынша, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы республикалық маңызы бар автожолдар үлесі 72% құрайды.

«Автожолдардың бұзылуына әкелетін негізгі факторлар – рұқсат етілген массадан асатын ауыр салмақты көліктің жүруі. Бұл – тасымалдау процесінің жекелеген топтардың мүдделерін қорғау және принципті позицияның болмауынан жылдар бойы шешілмей келе жатқан мәселе», – деді Ә. Смайылов Мәжілістің жалпы отырысында.

Спикер автоматтандырылған өлшеу станциялары бұл бұзушылықтарды дұрыс рәсімдемейтінін атап өтті. Жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарда ауыр салмақты көліктердің жүруіне қатаң тыйым салынуы керек. Сондай-ақ мемлекетке келтірілген залал үшін жауаптылықты күшейту қажет.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Оған қоса жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді және сараптама жасауды талап етпейтін орташа жөндеу жобалары жолдардың жай-күйінің нашарлауына әсер етуде.

«Мемлекеттің кепілдігімен алынған халықаралық қарыздар бойынша жобаларды басқару сапасының төмен екені және оларды іске асыру мерзімдерінің ұзаққа созылғаны анықталды. Бұл төленген және игерілмеген аванстарға қызмет көрсеткені үшін сыйақы төлеу арқылы бюджеттің шамамен 40 млрд теңгеге шығынға ұшырауына; жобалардың 294 млрд теңгеге қымбаттауына; «ҚазАвтоЖол» АҚ жұмсалғаны расталмаған 21 млрд теңге шығындарын төлеуге әкелді», – дейді Ә. Смайылов.

Мемлекеттің кепілдігімен тартылған қаражаттың қол жеткізілген нәтижелеріне тиісті бағалау жүргізілмейді. Осы қаражатқа іске асырылатын жобалардың өзіндік құнын ықтимал арзандату бойынша талдау жасалмайды.

«Мысалы, кепілдендірілген қарыз есебінен салынған бір км жолдың құны бюджет қаражатына салынған жолдан 3 есе қымбат. Құрылыс материалдарының тапшылығы және сапасының төмендігі жол салудың және жөндеудің өзіндік құнына да, автожол саласының жобаларын уақытылы іске асыруға да теріс әсер етеді», – деп сынға алды спикер.

 

Тег: жолқаражатқарыз

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
Қазақстанда бес жұлдызды қонақ үйдің орташа бағасы қанша?

Қазақстанда бес жұлдызды қонақ үйдің орташа бағасы қанша?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz