Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Неліктен қауіпті такси жүргізушілерін анықтап, жазалау қиын?

фото: pixabay.com

Неліктен қауіпті такси жүргізушілерін анықтап, жазалау қиын?

30.07.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
1
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Ержан Сәденов интернет арқылы такси қызметін көрсетушілердің жұмысын заңмен реттеу қажеттігін айтты, деп хабарлайды kaskelen.kz.

«Жолаушыларды тасымалдау саласы да қауіпті деңгейде. Бар нормалар сақталмайды. Интернет-такси жүргізушілері пайда табу үшін ұйқысыз және демалыссыз көлік жүргізеді. Медициналық тексеруден өтпейді, көліктің техникалық жағдайы тексерілмейді. Осылайша, адамдардың өміріне қауіп төндіреді. Демалыс, мереке күндері пойызға билеттердің жоқтығынан, такси жоғары сұранысқа ие болады. «Қауіпті» такси жүргізушілерін анықтау және жауапқа тарту қиын», – деді Е.Сәденов.

Осыған байланысты келесі жылдан бастап такси қызметімен айналысатын интернет-агрегаторларға қойылатын талаптар күшейтілмек.

«Интернет-агрегаторлардың рөлі тек тапсырыс бөлумен шектеледі. Сондықтан келесі жылдан бастап оларға тасымалдау талаптарын бақылау жүктеледі. Бұған, Цифрлық даму министрлігі, Еңбек министрлігі, Көлік министрлігі және әкімдіктер қатысуы қажет», – деді Ержан Сәденов.

Сонымен қатар, ол өңір әкімдерін қалалар арасында қатынайтын қоғамдық көлік санын көбейтіп, бағасын субсидия арқылы арзандатуға шақырды.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

«Көлік министрлігі мен әкімдіктерге келесідей жұмыстарды ұйымдастырғаны дұрыс. Біріншіден, қалааралық жолаушылар көлігін дамыту керек. Екіншіден, демалыс, мереке күндерін ескеріп, сұранысқа ие бағыттар бойынша рейс санын көбейту қажет. Үшіншіден, субсидия арқылы жолақыны арзандату керек. Төртіншіден, еңбек және демалыс режимін бақылау құралдарын орнату ұсынылады», – деді министр.

Тег: жүргізушіқылмыстакси

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
Қазақстанның қай жолдарында жол апаты жиі орын алады?

Қазақстанның қай жолдарында жол апаты жиі орын алады?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz