Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Неліктен қазақстандықтар университетке қарағанда балабақшаға көп ақша жұмсайды?

фото: pixabay.com

Неліктен қазақстандықтар университетке қарағанда балабақшаға көп ақша жұмсайды?

14.05.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек, Өзекті
29
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Қазақстандықтардың білім беру қызметіне жұмсаған шығыны бір жылда 29,1 пайызға өсті. Олардың көпшілігі балабақша ақысын төлеуге жұмсалса, ал тең жартысы жоғары оқу орындарының шығындарына кетеді, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

Тауарлар мен қызметтер бағасының өсуімен қатар қазақстандықтардың шығындары да артып келеді. Әсіресе азаматтардың білім беруге жұмсайтын қаржысының артуы байқалады.

Ranking.kz порталының мәліметінше, 2023 жылы шығындар 29,1 пайызға: бір отбасына орта есеппен 60,9 мыңнан 78,6 мың теңгеге дейін өскен. Бұл ретте қалаларда бұл сома жоғары – 88,8 мың теңге, ал ауылдарда төмен – 56,8 мың теңге.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Бұл елдегі үй шаруашылықтары арасындағы орташа көрсеткіш екенін айта кеткен жөн. Өйткені сарапшылар іріктеу зерттеулерді еліміздің барлық ірі қалалары мен аймақтарында жүргізеді. Сауалнамаға 12 мыңға жуық отбасы қатысты, алынған нәтиже жалпы үй шаруашылықтарына қолданылады.

Қазақстандық отбасылардың білім алуға жұмсайтын нақты сомасы бала санына, олардың жасына, оқу мәртебесіне және басқа да факторларға байланысты өзгеріп отырады. Алайда азаматтардың шығындары айтарлықтай өскен.

Қазақстандық отбасылар балабақша қызметтеріне ең көп төлем жасады – жылына орта есеппен 24,5 мың теңге (шығындардың 31,1 пайызы).

Одан кейін әртүрлі мектеп шығындары жүреді: формаға тапсырыс беру, оқулықтар сатып алу, бастауыш және орта білім беру ақысы, бейресми шығындар жалпы соманың 22,9 пайызын құрайды. Ал үшінші орында – жоғары білім.

Бір қызығы, университеттегі оқу шығындарының үлесі небәрі 16,2 пайызды немесе жылына 12,7 мың теңгені құрайды.

Бірақ орташа көрсеткіштерді есте ұстаған жөн. Шындығында, бұл қазақстандықтар балабақшаға жылына 24,5 мың теңге төлейді дегенді білдірмейді. Статистика әртүрлі отбасыларды, соның ішінде балалары жоқ отбасыларды да ескереді – олардың балабақша шығындары нөлге тең, бірақ олар орташа мәнді есептеу кезінде де ескеріледі.

Егер мектепке дейінгі білім беру қызметтерінің нақты бағасы туралы айтар болсақ, жекеменшік мектепке дейінгі мекемелерді субсидиялауды ескерген күннің өзінде кейде оқу бағасы айына 300 мың теңгеден асуы мүмкін.

Тег: ақшабалабақшабалаларЖООуниверситет

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
Қазақстанда орташа жалақы қанша теңгені құрайды?

Қазақстанда орташа жалақы қанша теңгені құрайды?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz