Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Неліктен қазақстандықтардың жарты айлығы азық-түлікке кетеді?

фото: pixabay.com

Неліктен қазақстандықтардың жарты айлығы азық-түлікке кетеді?

18.07.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
0
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Қазақстанда халықтың азық-түлікке жұмсайтын шығыны жалпы шығындардың 60 пайызынан асуы мүмкін. Бұған азаматтардың тамақты өздері пісіру әдеті, сондай-ақ олардың әл-ауқаты деңгейі себеп болып отыр, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

Қазақстандықтар азық-түлік өнімдеріне қомақты қаржы жұмсайды. Мысалы, 2024 жылдың 1-тоқсанында азық-түлік пен алкогольсіз сусындарға жұмсалған қаражат жан басына шаққанда шамамен 131,3 мың теңге болған еді.

Азаматтардың жалпы шығынын алып қарасақ, оның жартысынан астамы азық-түлік өнімдерін сатып алуға жұмсалады екен. Мұны ҚР Ұлттық банкі жүргізген экономикалық зерттеу дәлелдеп отыр.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандағы бала саны қанша?

Қазақстандағы бала саны қанша?

03.06.2025
Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

03.06.2025

Мысалы, Ұлттық банктің мәліметі бойынша, 2022 жылы үй шаруашылығының шығыстары құрылымында азық-түлік тауарларының үлесі өңірлерге байланысты Астанада 42 пайыздан Маңғыстау облысында 61 пайызға дейін ауытқиды. Салыстырып қарайтын болсақ, көптеген дамыған елде азық-түлік үлесі жалпы шығындардың 15 пайызына жетпейді.

Ұлттық банк өкілдерінің сөзінше, қымбатшылық себептерінің бірі – үйде тамақ әзірлеуге және тамақтануға байланысты қалыптасқан әдет. Қазақстандықтар кафелер мен мейрамханалардағы тамаққа өте аз ақша жұмсайды – 2022 жылы мұндай шығындардың үлесі небәрі 2,2 пайыз болды.

Халықтың әл-ауқатының деңгейі азық-түлік шығындарының жоғары деңгейіне де әсер етеді.

“Жан басына шаққандағы тұтынушылық шығындары ең төмен және азық-түлік өнімдерін сатып алуға жұмсалатын шығындардың үлесі жоғары өңірлер еліміздегі төлем қабілеттілігінің төмен деңгейімен сипатталады, олардың қатарында Түркістан, Жамбыл, Қызылорда және Маңғыстау облыстары бар”, – деп атап өтті Ұлттық банк өкілдері.

Сонымен қатар сарапшылар халықтың қаржылық жағдайының аздап нашарлауын да атап өтті, бұл тұтынуға жұмсалған табыстың өмір сүру құнына медианалық қатынасының төмендеуімен көрінеді. Бұл елдегі өмір сүру құнының азаматтардың кірісіне қарағанда жылдам өсуіне байланысты болып отыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстан қалаларында өмір сүру сапасы төмендей бастағаны белгілі болған еді: егер 2022 жылы орташа көрсеткіш 10 баллдың 4,8-ін құраса, 2023 жылы ол 4,6 балға төмендеген.

Тег: азық-түлікжалақы

Ұқсас материалдар

Қазақстандағы бала саны қанша?

Қазақстандағы бала саны қанша?

03.06.2025

Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі – әр баланың сапалы білім алуына жағдай жасау. Президенттің тапсырмасына сәйкес Үкімет Оқу-ағарту министрлігі арқылы...

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

03.06.2025

Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау сыңғырлап, түлектер мектеппен қоштасуға дайындалып жатыр. Кеше ғана партада отырған бозбала мен бойжеткен бүгін сән салоны...

Балаларға арналған ұлттық ойындардың түрі қандай?

Балаларға арналған ұлттық ойындардың түрі қандай?

03.06.2025

Қазақ халқының сан ғасырлық тарихынан тамыр тартқан ұлттық ойындар қазіргі таңда балаларды тәрбиелеудің, тілін дамытудың, ой-өрісін кеңейтудің тиімді құралына айналды....

Әуе компаниялары балалармен ұшуға қандай талаптар мен жеңілдіктер ұсынады?

Әуе компаниялары балалармен ұшуға қандай талаптар мен жеңілдіктер ұсынады?

03.06.2025

Қазақстанда кәмелетке толмаған жолаушыларды ұшақпен тасымалдау ережелері нақтыланды. Көлік министрлігі ата-аналар мен әуе компанияларының назарын балаларды ұшыру кезіндегі басты талаптарға...

Келесі
Олимпиада қарсаңында: Ел қоржынына жүлде салып, кейін елден көшіп кеткен спортшылар кім?

Олимпиада қарсаңында: Ел қоржынына жүлде салып, кейін елден көшіп кеткен спортшылар кім?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz