Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Неліктен отандық жеміс-жидек сырттан әкелетін өнімнен қымбат?

фото: ашық дереккөз

Неліктен отандық жеміс-жидек сырттан әкелетін өнімнен қымбат?

12.04.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
2
👁️
WhatsappTelegramFacebook

ТМД елдерінің ішінде Қазақстанда жеміс-жидек қымбатырақ. Соңғы жылдары әсіресе жүзім, алма мен алмұрт бағасы көтерілген. Саудагерлер жиын-терін аз болды дейді. Бізде ғана емес, көршілес елдерде де осындай жағдай, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап.

Елімізде жеміс-жидек пен кептірілген жемістер орташа 14% қымбаттады. Жүзім бағасы – 40%, алма мен алмұрт – 17-18% өскен, өткен жылмен салыстырғанда лимон, апельсин, банан, киви мен басқалары да қымбаттады. Өңірлерде баға әртүрлі, бірақ жалпы алғанда ТМД елдерінің ішінде Қазақстанда баға ең жоғарыларының бірі. Саудагерлердің сөзінше, жеміс бағасы жиын-терін көлеміне тікелей байланысты.

“Биыл Өзбекстанда жаңбыр көп жауды, сол себепті жүзім мен анар аз. Негізгісі Ресейге кетті, ал бізге аз жіберді”, – дейді сатушы Манучехр Икромов.

Energyprom мәліметінше, елде жеміс жинау азайды. Былтыр жүзім алдыңғы жылмен салыстырғанда төрттен бір мөлшерге аз жиналды, алмұрт – 19%, алма да аз терілді. Қазақстандықтар жеміс-жидек сататын дүкенге бару үшін қалтаң қалың болу керек дейді.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Экономистердің сөзінше, елде ауыл шаруашылығын дамытып, фермерлерге жеңілдікпен несие беру және еңбек өнімділігін арттыру қажет. Қарап отырсаңыз, логистиканы қосқанның өзінде, басқа елдердің жемістері біздікінен арзан.

“Польша мен басқа да Еуропа елдерінен келетін алмалар арзан болады, логистикалық шығыны көп екеніне қарамастан солай. Бұл олардың аграрық саласында өнімділік жоғары екенін көрсетіп тұр”, – дейді экономист, “R-Finance” қаржы кеңесшісі Арман Байғанов.

Жеміс-жидектен бөлек, кепкен жеміс пен жаңғақтар да қымбаттаған. Әсіресе мейіз, жержаңғақ, күнбағыс дәнегі мен өрік бағасы өскен. Ал орман жаңғағы, бадам, кешью мен грек жаңғағы, керісінше, арзандады.

Бұған дейін ақпанда жылқы еті 4,3% қымбаттағанын жазған едік. Қазы бағасы 4,8%, ал жаянікі 2,5% өсті.

Тег: бағажеміс-жидекөнім

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
Получение первого удостоверения личности казахстанца. Алгоритм действий

Получение первого удостоверения личности казахстанца. Алгоритм действий

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz