Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Нұрсұлтан Назарбаев екінші отбасы мен екі ұлының барын мойындады

фото: bbc.com

Нұрсұлтан Назарбаев екінші отбасы мен екі ұлының барын мойындады

30.11.2023
Жаңалықтар
122
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет екінші отбасының және екі ұлының барын мойындады, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

БАҚ-тағы ақпаратқа сүйенсек, Нұрсұлтан Назарбаев “Менің өмірім” атты естеліктер кітабын жазып шыққан. “Фолиант” баспасында басылған кітапта тұңғыш президент өмірінің саяси және жеке қырлары туралы шер тарқатқан. Кітап сатылымға шықпаған, алғашқы нұсқалары тек саясаткерлер, сарапшылар мен журналистертің қолына тиген көрінеді.

Кітапқа алғашқылардың бірі болып қол жеткізген саясаттанушының сөзінше, кітапта 2011 жылғы Жаңаөзендегі оқиғаларға, 2019 жылғы билік транзиті, қанды Қантарға арналған жеке тараулар бар. Сонымен қатар, Назарбаев алғаш рет екінші отбасы бар екені, әйелі Әсел Исабаева мен екі ұлы туралы жазған.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Саясаттанушы кітаптан осы туралы үзіндімен бөліскен.

“Бір күні Талдықорғанға барудың сәті түсті. Мемлекет басшысының өңірлерге жасаған жұмыс сапарлары кезінде оны ұшақ баспалдағынан гүл шоқтарымен қарсы алады. Мұндай рәсімге қатысу үшін ең сұлу жергілікті қыздар іріктелетіні белгілі. Біз бұрыннан үйреніп қалған әдемі рәсім. Бірақ бұл жолғы оқиға ерекше әсер қалдырды. Әуежайда маған гүл сыйлаған қыз таңғаларлық сұлу еді. Ұзақ уақыт есімде болды, содан кейін жалындаған келбеті мен талғампаз, кесілген кескіні бар әдемі сұлуды жиі есіме алдым.

Біраз уақыт өтті. Талдықорған әуежайында мені қарсы алған сол сұлу қыздың бейнесі есіме қайта-қайта оралды. Бір күні оны табудың себебі кенеттен пайда болды. Баспасөзді ақтарып отырып, бір газеттің суреті мені күйдіріп жібергендей болды: Астанада “Қазақстан аруы” сұлулық байқауы өтті, сол қыз (аты Әсел екен) Гран-при алды… Енді оны табу қиын болмады.

Таныстығымыз өзара жанашырлыққа, жанашырлық жақындасуға ұласты. Бірте-бірте кездесе бастадық. Әселдің келбетінен де, ой-пікірінен де мен іздеген көптеген қасиеттерді байқадым. Ең бастысы, мен жылдар бойы жалғасып келе жатқан психикалық жалғыздықтан құтылдым.

Әңгімені созбайын. Мұсылмандық салт бойынша үйлендік. Әсел маған екі бала – екі ұл сыйлады. 2005 жылы Тауман, 2008 жылы Бәйкен дүниеге келді.

Жастайымнан тірегім болған, ең қиын сынақ сағаттарында қасымда болған, үш қызымның анасы Сараға өмір бойы ризашылықпен, қамқорлықпен қарадым. Тағдырымның сол бір бетбұрыс сәтінде де оның мені түсініп, кешіргені мені жұбатты

Тауман туғаннан кейін Алматыға келіп, одан кешірім сұрап, барлығын баяндап бердім, қадірлі әулеттің өкілі тағы да тектілік танытты. “Сәби – періште. Бала бақытты болсын”, – деді Сара. Қыздарым да мені дұрыс түсінді.

Сондықтан бүгінде шежірем былай жалғасады: Қарасай – Көшек – Айдар – Мырзатай – Кеңбаба – Еділ – Сапақбай – Назарбай – Әбіш – Нұрсұлтан – Тауман, Бәйкен. Және әріқарай.

Міне, достар. Мен бар шындықты айттым. Бұған не айтсаңызда, сіздің шаруаңыз. Бұл – өмір.

Бір ақиқат бар. Жүрекке әмір жүрмейді”, – делінген кітап үзіндісінде.

Тег: Басты жаңалықтаркітапНұрсұлтан Назарбаевтоқал

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
Алматыда хостелдегі өрт салдарынан 13 адам қаза тапты

Алматыда хостелдегі өрт салдарынан 13 адам қаза тапты

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz