Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
“Өлген баланы босана алмай 10 күн жүрдім”: Баян Алагөзова алғашқы жүктілігі жайлы айтты

фото: ашық дереккөз

“Өлген баланы босана алмай 10 күн жүрдім”: Баян Алагөзова алғашқы жүктілігі жайлы айтты

04.01.2024
Жаңалықтар
460
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Танымал продюсер, актриса Баян Алагөзова алғаш рет ешкімге айтпаған жан сырымен бөлісті, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі “Мамский әңгіме” подкастына сілтеме жасап.

Ол өзінің алғашқы жүктілігі 20 жасында өткен.

“Тұрмысқа 19 жасымда шықтым. 20 жасымда жүкті болдым. Үш рет құрсақ көтердім. Айсәуленің алдында бір бала шетінеп кетті. Айсәуле – екінші перзентім. Тұңғыш баламның жүрегі отыз алты аптаға жақындағанда тоқтап қалды. Өте ауыр болды. Бұл менің алғашқы күйзелісім еді. Ол кезде өте жас болдым. Физикалық тұрғыдан өте ауыр болды, өлген баланы босану үшін он күндей жүрдім. Дәрігерлер мені дайындады”,– деп еске алады сол күндерді.

Сонымен қатар продюсердің сөзінше өлген баланы жатырдан тазалау үшін қаладағы ешбір емхана қабылдамаған көрінеді.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

“Бұл оқиғаның болғанына – 29 жыл. Ол кезде медицина дамымаған кез. Ешқандай дәрігер жауапкершілік алғысы келмейді. Дәрігерлер ата-анамнан “егер бірдеңе бола қалса, ешқандай шағым түсірмейміз”, деп қолхат жаздырып алды. Кесарь тілігін жасауға болмайды, өйткені инфекция түсуі мүмкін. Сол үшін он күн бойы дәрі салды. Кейін санап шықсам, сол кезде жамбасыма күніне қырыққа жуық екпе салған екен. Оңай емес, өлген баланы он күн бойы ішімде көтеріп жүрдім, сол үшін инфекция тарамасын деп екпе сала берді. Сосын он күннен кейін босандым. Бірақ үш айдан кейін Айсәулеге қайта жүкті болдым”, – дейді Баян Мақсатқызы.

Еске сала кетейік, бұған дейін продюсер 1 миллион доллар қарызынан қалай құтылғанын жазған болатынбыз.

Тег: Баян Алагөзоважүктілік

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
“Осы жерге қайта келгім келмейді”: Жахан Отарғалиев қалай емделіп жатқанын айтты

"Осы жерге қайта келгім келмейді": Жахан Отарғалиев қалай емделіп жатқанын айтты

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz