Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Олигархтар 45 миллардқа жуық халықтың ақшасын офшорға шығарып келген – Бақытжан Базарбек

фото: ҚР парламент сенатының баспасөз қызметі

Олигархтар 45 миллардқа жуық халықтың ақшасын офшорға шығарып келген – Бақытжан Базарбек

13.12.2023
Жаңалықтар
94
👁️
WhatsappTelegramFacebook

30 жыл бойы шенеуніктер мен олигархтар капиталдың бәрін офшорға шығарып келген. Осылай деп мәлімдеген депутат Бақытжан Базарбек қаржы министрін сұрақтың астына алды, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

Депутаттың айтуы бойынша, кейбір шенеуніктер капиталды қайтаруға байланысты заңның кемшіл тұстарын өз пайдасына жаратып жүр.

“30 жыл бойы шенеуніктер мен олигархтар капиталдың бәрін офшорға шығарып тұрды. Менің ақпаратым бойынша қазір офшорлық аймақта 45 миллардқа жуық осы елдің, халықтың ақшасы офшорда жатыр. “Текст Жастис” деген ұйымның мәліметінше, жыл сайын Қазақстаннан 200 млн доллар капитал шығарылады. Осыған байланысты қысқаша сұрақ. Сіздің мекемеңіз, Үкімет, осы офшордағы 45 миллардқа жуық ақшаны қайтару үшін қандай жұмыс істеп жатыр? Қандай шара қолданып жатырсыз?”, – деді депутат.

Сонымен қатар депутат Жамаубаевқа әлемде кейбір офшорлық аймақтар бар екенін атап өтті.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

“Мысалы, Кайман аралдары, Сейшел аралдары бар. Енді мен база бойынша қарадым. Олармен келісімшарт тіптен жасалмаған. Олармен келісімшарт қашан дайындалады? Келісімшарттың дайын болғанын қашанға дейін күтеміз? Осы ақша қашан қайтарылады?”, – деп сұрады министрден.

Премьер-министрінің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев шетелге заңсыз шығарылған қаржыны қайтару бойынша кешенді жұмыстар жүріп жатқанын айтты. “Бірнеше тұлға реестрге кіргізілгенін мәлімдеді.

“Ол тұлғалармен Бас прокуратураның арнайы комитеті жұмыс істеп жатыр. Министрлікке келетін болсақ, бізде арнайы офшорлық аймақтардың тізімі бекітілген. Ондай аймақтармен жүргізілген операциялар күмәнді болып саналады. Ол жерде тексеру барысында трансферлік баға берілу күшейтіледі. 55 мемлекетпен қосарланған салықты жүргізбеу бойынша конвенциялар бар. Соңғы 1-2 жылда еліміздегі валюталық реттеу мен бақылау Ұлттық банктің құзыретінде болған мәселе болған. Біз заңға тиісті өзгерістерді енгізіп, Қаржы министрлігі валюталық бақылауға қосымша орган ретінде қосылып отыр”, – деді Жамаубаев.

Министрдің сөзінше, Ұлттық банктің тиісті құзыреті болмағандықтан , тек мониторинг жүргізген.

“Экспорттық, импорттық мәміле жасалады. Қандай да бір мемлекеттен 100 миллион теңгенің қондырғысын Қазақстанға әкеліп орнату керек. Ақша жіберіледі, қондырғы жоқ. Бұл жерде осындай жүздеген шарт жылдар бойы жатқан. Ақша кеткен, қондырғылар қойылмаған. Ұлттық барнктің бұл жерде тиісті құзыреті болмаған. Олар автоматты түрде ондай шарттарға келісім бере берген. Қазір Қаржы министрлігі тарапынан шетке шыққан қаражат бойынша сараптама жүргізіп жатырмыз. Қазірдің өзінде 500 миллардқа жуық ақпаратты қаржы мониторингіне бердік. Қаншалықты ол жерде қылмыстық әрекет бар екенін тексереді. Былтыр заңға өзгерісс енгізілген болатын, 50 мың доллардан асатын кез келген шарт бойынша ақпаратты Ұлттық банк қаржы министрлігіне беріп отырады”, – деп жауап берді қаржы министрі Жамаубаев.

Тег: депутатжымқырузаңолигарх

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
Азамат Сатыбалды өмірден өткен анасына жазба арнады (фото)

Азамат Сатыбалды өмірден өткен анасына жазба арнады (фото)

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz