БҚО облыстық прокуратурасы Оралдағы жарылыс болған кафе жалға алушысының ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы “Мой город” басылымына сілтеме жасап.
Облыстық прокуратурасы мен төтенше жағдайлар департаменті “Rizyq” дәмханасында болған өрт пен адамдардың өліміне қатысты қылмыстық кодекстің 292-бабы “Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу” бойынша сотқа дейінгі тергеуді басталғанын хабарлады.
“Құқықбұзушылықты жасаған күдікті 6 қаңтарда ұсталды. Уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ведомствоаралық тергеу-жедел тобы қажетті сараптамаларды тағайындады. Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жарияланбайды”, – деді департаменттің баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, 4 қаңтарға қараған түні Орал қаласында “Rizyq” кафесінде газ жарылып, екі қабатты ғимарат қираған еді. Кейін қирандылар арасынан үш адамның денесі табылды.