Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Отандық өнім бәсекеге қабілетті ме?

фото: pixabay.com

Отандық өнім бәсекеге қабілетті ме?

29.05.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
19
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Қазақстанда сүт өнімдерінің басым бөлігі сырттан тасымалданады. Мысалы кейінгі екі жылда импорт көлемі үш есе артқан. Көрші елдерден келетін өнімдердің бағасы төмен болғандықтан, отандық кәсіпкерлер бәсекеге төтеп бере алмай отыр. Сол себепті айран, қаймақ пен ірімшік шығаратын кәсіпорын басшылары сүт импортына шектеу қоюды сұрайды, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Қарағандыдағы фабриканың өкілдері кейінгі екі жылда сүт өндірісі 15% төмендегенін айтты. Себебі нарықта Ресей мен Беларусьтен келетін сүт, айран, қаймақ пен ірімшік көбейген, шетелдік өнімдер арзан. Тиісінше сұраныс артады.

“Солтүстікте орналасқан қалаларда басқа елдердің өнімдері көбейген. Сондықтан Қазақстандық өндірушілер өнімдерін Астанаға, Алматыға, Қарағандыға тасуға мәжбүр. Соның салдарынан біздің өнімге сұраныс азайып жатыр”, – деді сүт фабрикасының басшысы Дулат Ақпар.

Ресей мен Беларусь сүтті тұтыну көлемінен 200% артық өндіреді. Артылғанын экспортқа шығарады. Өнімнің көп бөлігін Қазақстанға тасып жатыр. Экспортқа шығарған тауар үшін Қазақстан көлік шығынын толық субсидиялайды екен. Нәтижесінде олардың өнімі біздікінен де арзан болады дейді сүт өндірушілер.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандағы бала саны қанша?

Қазақстандағы бала саны қанша?

03.06.2025
Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

03.06.2025

“Көбі дүкенде тұрған кезде арзан өнімді алады. Сондықтан біздің өнімдер өтпей қалады. Сырттан келетін өнімдердің сүт өндірісі бірнеше есе көп болғандықтан, өзіндік құны да төмендейді, шикізат құны да төмен. Бізде 1 литрі 200 теңге тұрса, оларда 160 теңге”, – деді сүт өндірушілер одағының төрағасы Владимир Кожевников.

Мәжіліс депутаты Нұржан Әшімбетов жағдайды дереу қалыпқа келтірмесек, кәсіпкерлеріміз шығынға батады дейді. Отандық өніммен ішкі нарықтың басым үлесін қамтуға қауқарымыз жетеді дейді халық қалаулысы.

“Біздің шаруашылықтар мен зауыттар бағаны түсірсе, бәсекеге жарамды болады. Әрі қарай да өнімдерді дамыта аламыз. Осы жұмысқа жергілікті әкімшіліктер, ауыл шаруашылығы министрлігі, сауда министрлігі бас қатыруы керек. Бірақ бешқандай жұмысты байқап отырған жоқпыз”, – деді мәжіліс депутаты Нұржан Әшімбетов.

Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл мәселеге қатысты жауап берген жоқ. Сарапшылар сүт импортын шектеуді де ұсынып отыр. Аталған тауар кез келген көлік түрімен де кіргізіледі. Ал мамандар теміржол арқылы ғана кіргізуге рұқсат берілсе, импорт көлемі едәуір азаяды дейді.

Тег: азық-түлік

Ұқсас материалдар

Қазақстандағы бала саны қанша?

Қазақстандағы бала саны қанша?

03.06.2025

Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі – әр баланың сапалы білім алуына жағдай жасау. Президенттің тапсырмасына сәйкес Үкімет Оқу-ағарту министрлігі арқылы...

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

03.06.2025

Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау сыңғырлап, түлектер мектеппен қоштасуға дайындалып жатыр. Кеше ғана партада отырған бозбала мен бойжеткен бүгін сән салоны...

Балаларға арналған ұлттық ойындардың түрі қандай?

Балаларға арналған ұлттық ойындардың түрі қандай?

03.06.2025

Қазақ халқының сан ғасырлық тарихынан тамыр тартқан ұлттық ойындар қазіргі таңда балаларды тәрбиелеудің, тілін дамытудың, ой-өрісін кеңейтудің тиімді құралына айналды....

Әуе компаниялары балалармен ұшуға қандай талаптар мен жеңілдіктер ұсынады?

Әуе компаниялары балалармен ұшуға қандай талаптар мен жеңілдіктер ұсынады?

03.06.2025

Қазақстанда кәмелетке толмаған жолаушыларды ұшақпен тасымалдау ережелері нақтыланды. Көлік министрлігі ата-аналар мен әуе компанияларының назарын балаларды ұшыру кезіндегі басты талаптарға...

Келесі
Елімізде жинақталған еттің қоры қанша?

Елімізде жинақталған еттің қоры қанша?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz