Баспана кезегін жүргізу құзіреті Отбасы банкке берілмек. Осыған байланысты ол екінші деңгейлі банктер жүйесінен шығарылып, ұлттық даму институты болады, деп хабарлайды kaskelen.kz.
Заң бойынша Отбасы банкті депозиттерге кепілдік беру жүйесінен де шығаруға тура келеді.
«Азаматтардың салымдарына мемлекеттен кепілдік беру ұсынылып отыр», – деді министр Шарлапаев бүгін мәжіліс отырысында.
Қазіргі әкімдіктер жүргізіп жатқан баспана кезегі Отбасы банкке өзгеріссіз беріледі. Жергілікті атқарушы органдардың базасына есепке қою тоқтатылады.