Шымкент тұрғындарынан “Qamqor” жаңа өңірлік бағдарламасына қатысуға өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 15 тамызда сағат 11:00-де басталады және 2023 жылғы 25 қыркүйекке дейін жалғасады, деп хабарлайды kaskelen.kz.
Оған дәрігерлер, медбикелер, санитарлар, педагогтар, тәрбиешілер, күтушілер, ЖОО және колледж оқытушылары, ҒЗИ ғылыми қызметкерлері, мәдениет және спорт қызметкерлері, шығармашылық одақ мүшелері, журналистер, Мемлекеттік қалалық ұйымдардың, Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері, энергетика саласының өкілдері қатыса алады.
Жұмыс істейтін Шымкент тұрғындарының жеңілдікті шарттар бойынша тұрғын үй сатып алу мүмкіндігі болады. Олар үшін ең жоғары қарыз сомасы 20 млн теңгені құрайды. Кредит бойынша мөлшерлеме 5%-ға (ЖЭС 5,2% – дан) тең болады, одан әрі жылдық 3,8%-ға дейін төмендейді. Бастапқы жарна 10% құрайды.
“Qamqor” бағдарламасы аясында азаматтарға несие беру үшін алғашқы транш 3 млрд теңгені құрайды. Ақшаны Шымкент әкімдігі бөледі.
Жаңа тұрғын үй бағдарламасы шеңберінде өтінімдерді қабылдау, ұпайларды санау және әлеуетті қарыз алушылардың тізімін қалыптастыру Отбасы Банкі болады.
Ол осы процестерді Баспана маркет порталында цифрландырды. яғни, енді бағдарламаға қатысушылар туралы барлық деректерді автоматтандырылған жүйе тексереді. Бұл бағдарламаға қатысушылардың пулын құрудағы адами факторды жоққа шығарады және ұпай жинау уақытын едәуір қысқартады.
Порталда өтініш беру үшін “Qamqor” бағдарламасының әлеуетті қатысушыларының Отбасы банкінде шоты болуы немесе Банктің клиенттері болуы тиіс.
Жеңілдетілген несиелеуге үміткерлер пулына көп ұпай жинағандар өтеді. Олардың санына некедегі жылдар саны, балалардың болуы, жұмыс өтілі, Шымкентте тіркелу ұзақтығы, тіпті Отбасы банкінде депозиттің болуы әсер етеді.
“Qamqor” бағдарламасының қатысушылары жинаған ұпайларының санын порталдағы жеке кабинеттерінен көре алады өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан кейінгі күні.
Қатысушылар пулына ең көп ұпай жинаған 150 адам кіреді.
Осыдан кейін тізімді жергілікті әкімдік тексереді және олар несие алу үшін Отбасы банкіне жүгіне алады. Онда төлем қабілеттілігі тексеріліп, несие беріледі. Тұрғын үйді бастапқы нарықта да, қайталама нарықта да, сондай-ақ “КЖК”кепілдігі болған жағдайда салынып жатқан тұрғын үйді де сатып алуға болады.
“Qamqor” бағдарламасына қатысушыларға қойылатын талаптар:
1. Қатысушының жасы-өтініш берген кезде қоса алғанда 63 жасқа дейін.
2. Бағдарламаға қатысушының және оның отбасы мүшелерінің ҚР аумағы бойынша соңғы 5 жылда меншік құқығындағы тұрғын үйдің болмауы.
3. Соңғы 3 жыл ішінде Шымкентте тұрақты тіркеудің болуы.
4. Шымкентте таңдалған саладағы ресми жұмыс өтілі соңғы 12 айдан кем емес.
5. Бағдарламаға ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады.