Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
“Өзің неше ене тастадың?”: Енесімен тұрудан қашатын келіндерді сынаған Айнұр Тұрсынбаева сөзге қалды

фото: ашық дереккөз

“Өзің неше ене тастадың?”: Енесімен тұрудан қашатын келіндерді сынаған Айнұр Тұрсынбаева сөзге қалды

10.11.2023
Жаңалықтар
1.7k
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева енелерін жамандайтын келіндерге ақыл айтты, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

Ол жеке парақшасында жүргізген тікелей эфирінде оқырмандарымен ене мен келін арасындағы қарым-қатынас туралы мәселені көтерді. Қыз-келіншектердің басым көпшілігі енелерін жамандап кеткеніне шыдамаған айтыскер ақын терме орындап берді.

“Қарамай кетсең анаға,

Қаларсың босқа табаға.

Әкенің көңілін қалдырған,

Баланың жолы бола ма?!

Ененің сағын сындырған,

Келіннің бағы жана ма?!

Келінді кейін сорлатар

Ішінен шыққан бала да”, – термеден үзінді орындады.

Оның айтуынша, қазақтың халық ауыз әдебиетінің кез келгенінен психологиялық кеңес табуға болады.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

“Бұл терме де инсайтқа толып тұр. Ене де – ана. Біз бүгінгі өмірді ғана айтамыз. Болашағымыз қандай тосынсый дайындап тұрғанын білмейміз. Дәл қазір көп келіншек енелерін жамандап отыр. Ертең өздері қандай ене болады, қандай келін алады, сол туралы ойламайды. Жастық шағың көзді ашып-жұмғанша өте шығады. Келін немереңнің тырнағына да зар қылып қоймауына кім кепіл?!. Сол кезде тырнақ тістеп, опық жеп қалмаңдар! Ол уақытта ештеңені өзгерте алмайсың. Сыйлайын десең ене өліп қалған, бала қатынымен кетіп қалған, екі ортада тентіреп өзің қаласың. Сондықтан, үлкенді сыйлау – психологияның атасы”, – деп сөзін аяқтады.

Эфир көріп отырғандардың ойы екіге бөлінді. Бірі “өмір – бумеранг” екенін еске салды десе, екіншісі “енемнен көңілім қалған, мына термеңіз онша әсер етпейді” деп шындығын айтып жатыр. Бірі айтыскер ақынның өзіне бас салды. “Өзің қанша ене тастадың”, “Күйеуіңнің санынан жаңылдық” деп сынап жатқандар да жоқ емес.

Тег: Айнұр ТұрсынбаеваНойс

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
“Екінші келінмін”: Роза Рымбаева ел білмеген сырымен бөлісті

"Екінші келінмін": Роза Рымбаева ел білмеген сырымен бөлісті

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz