Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Пітір садақасынан жиналған қаржы қайда жұмсалады?i

фото: ашық дереккөз

Пітір садақасынан жиналған қаржы қайда жұмсалады?i

09.03.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек, Өзекті
297
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы “Егемен Қазақстан” басылымына берген сұхбатында пітір және підия садақалаларынан түскен қаражат қандай мақсатта жұмсалатынын түсіндірді, деп хабарлайды kaskelen.kz.

Оның сөзінше, жыл сайын Рамазан айы қарсаңында пітір садақасы туралы қилы пікір туын­дап, кейбір кісілер қатаң ой айтып қалады.

“Шариғат бойынша зекет, пітір, підия садақалары жағдайы жоқ жандарға, жетім-жесірге, қарызға батқандарға, Алла жолында қызмет етіп жүрген азаматтарға, ақшасы таусылып, жолда қалған мүсәпірлерге беріледі. Халқымызда бағзы заманнан садақаны мешітке беру үрдісі қалыптасқан. Бұл да – сенім. Мешітке берілген садақа шариғат қағидаларына сай қайырымдылыққа жұмсалады. Соның ішінде пітір садақа мешіт тізіміне тіркелген көмекке мұқтаж отбасыларға, жетімдерге, жалғыз­басты аналарға тапсырылады. ҚМДБ жанында Қаржы ашықтығын қамтамасыз ететін тексеру комиссиясы жұмыс істейді. Ол мешітке заттай немесе ақшалай түскен қаражаттың дұрыс мақсатта жұмсалуын қатаң қадағалайды. Халықтан түскен садақаға қиянат жасалуына жол бермейді”, – деді бас мүфти.

Оның түсіндіруінше, қазір мешітке түсетін садақалар онлайн жүзеге асады. “Зекет және қайырымдылық” қорына берілетін зекет те электронды жүйемен орындалады.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

“Өздеріңізге мәлім, пандемия кезіндегі қасиетті Құрбан айтта құрбандық шалу рәсімін онлайн режімде жүзеге асырдық. Осы бағыттағы қаржы ашықтығын қамтамасыз ету жұмыстары әлі күнге дейін жалғасып келеді”, – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биылғы Рамазан айындағы пітір садақасының мөлшерін белгіледі. Ол – 640 теңге болып бекітілді. Ал пәдия мөлшері – 3400 теңге.

 

Тег: қаржыҚМДБпітір садақа

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
Ауыр жұмыс істейтін адамға ораза ұстамауға болады ма?

Ауыр жұмыс істейтін адамға ораза ұстамауға болады ма?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz