Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Премьер-министр не себепті Болат Назарбаевтың жерлеу рәсіміне барғанын айтты

фото: rus.azattyq-ruhy.kz

Премьер-министр не себепті Болат Назарбаевтың жерлеу рәсіміне барғанын айтты

23.11.2023
Жаңалықтар
283
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Премьер-министр Әлихан Смайылов жақында қайтыс болған Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі Болат Назарбаевтың жаназасына не үшін барғанын түсіндірді, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі.

Тұңғыш президенттің інісі 13 қарашада көз жұмды. Оны жерлеуге премьер-министр Әлихан Смайылов Алматы облысының Шамалған ауылына келген. Ал сол күнге жоспарланған үкімет отырысы кейінге шегерілген.

Премьер-министр сенат залында өткен брифингте Болат Назарбаевты жерлеу рәсіміне баруына қатысты пікір білдірді.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Смаилов өз сөзінде ұзақ жылдар бойы сақталып келе жатқан дәстүрден аттап кеткісі келмегенін аңғартқан.

“Ата-бабамыздан бері келе жатқан, ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан салт-дәстүріміз бар. Бұл – марқұмның жақындары мен туыстарына көңіл айту. Сондықтан премьер-министр ретінде мен тұңғыш президентке көңіл айтуды дұрыс деп санадым. Оның үстіне бұл күні Алматыда іссапармен болдым. Біз үлкен және маңызды жобаны бастадық. Бұл Алматыны айналып өтетін айналма темір жол құрылысының басталуы еді. Бұл – біздің көлік және транзит қауымдастығын жақсарту үшін маңызды жоба. Сондықтан мен Алматыда іссапармен болып тұрып жоғарыда айтқанымдай, тұңғыш президентке көңіл айтуды дұрыс деп санадым”, – деп түсіндірді Смайылов.

Бұған дейін әлеуметтік желі қолданушылары марқұм мемлекет қайраткері болмағандықтан, Әлихан Смайыловтың Болат Назарбаевты жерлеу рәсіміне қатысқанын сынаған. Сонымен қоса Смаиловтың қазіргі билік мүшелерінің ішінен жалғыз өзі келгенін байқағандар да болды.

Тег: Әлихан СмайыловБолат НазарбаевНұрсұлтан Назарбаев

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
“Олар билікке қайта келетін болса таз қалпымызға қайта түсеміз”: Депутаттар Болат Назарбаевқа арналған астың саяси астарын байқады

"Олар билікке қайта келетін болса таз қалпымызға қайта түсеміз": Депутаттар Болат Назарбаевқа арналған астың саяси астарын байқады

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz