Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Сарапшылар, мамандар және азаматтық аудармашылар қызметтері үшін қанша алулары қажет?

фото: boombate.com

Сарапшылар, мамандар және азаматтық аудармашылар қызметтері үшін қанша алулары қажет?

31.07.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
5
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Үкімет 2024 жылғы 25 шілдедегі қаулысымен сарапшыларға, мамандарға және аудармашыларға тиесілі сомаларды төлеу қағидаларын бекітті, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі.

Сарапшыларға, мамандарға және аудармашыларға сотқа келуіне байланысты жол жүру, үй-жай жалдау жөніндегі шығыстары өтеледі және үкіметтің “қызметтік іс-сапарларға арналған шығыстарды бюджет қаражаты есебінен, оның ішінде шет мемлекеттерге өтеу қағидаларын бекіту туралы” қаулысына сәйкес іс-сапарларға жіберілетін адамдар үшін белгіленген мөлшерде тәуліктік төленеді.

Сондай-ақ сарапшы мен маманға тапсырылған жұмысты орындау кезінде жұмсалған оларға тиесілі химиялық реактивтер мен басқа да шығыс материалдарының құны, сондай-ақ жұмысты орындау үшін жабдықты, коммуналдық қызметтерді пайдаланғаны үшін олар енгізген төлемақы өтеледі.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстанда SIM-карта сатып алу тәртібі өзгереді: енді нөмірді eGov арқылы онлайн рәсімдеуге болады

Қазақстанда SIM-карта сатып алу тәртібі өзгереді: енді нөмірді eGov арқылы онлайн рәсімдеуге болады

03.07.2025
Қазақстанда әр азаматқа 10 сотық тегін жер беріледі: кім және қалай ала алады?

Қазақстанда әр азаматқа 10 сотық тегін жер беріледі: кім және қалай ала алады?

03.07.2025

Бұдан басқа, сот тапсырмасы бойынша біржолғы тәртіппен тартылған сарапшылардың, сондай-ақ мамандардың қызметтік міндеттерінің шеңберіне кірмейтін орындалған жұмыс ақы төлеуге жатады.

Төлем мөлшерін сот тараптармен келісім бойынша айқындайды және өтінішхатты мәлімдеген тарап бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен ашылған шотқа алдын ала енгізеді.

Сарапшыларға, мамандарға сомаларды төлеуді, сондай-ақ сот сараптамасы органдарының сараптама жүргізуіне ақы төлеуді өтінішхатты мәлімдеген тарап жүргізеді. Егер өтінішхатты екі тарап мәлімдесе не сараптама тағайындаса, маманды тарту соттың бастамасы бойынша жүргізіледі, талап етілетін сомаларды тараптар тең бөліктерде төлейді.

Сот сараптамасы органының сараптама жүргізгені үшін төлеуге жататын сомаларды тиісті бюджетке өтінішхатты мәлімдеген тарап не сот осындай міндет жүктеген тарап алдын ала төлем нысанында енгізеді. Сома сот белгілеген мерзімде енгізілмеген жағдайда, сараптама жүргізуге байланысты шығындар Кодекстің 109–бабының екінші бөлігіне сәйкес істі қарау нәтижелеріне қарамастан, төлемді жүзеге асырмаған адамға сот шешімі бойынша жүктеледі.

Егер тараптардың біреуі немесе екеуі де шығындарды төлеуден босатылған болса, онда төлем сот шешімінің негізінде істі қарау нәтижелері бойынша бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

Төлем қандай тәртіппен жүзеге асырылады?

Сарапшыларға, мамандарға және аудармашыларға тиесілі сомаларды төлеу азаматтық істі қарау кезінде судья шығарған сот актісі негізінде жүргізіледі.

Өз міндеттерін орындағаннан кейін аталған адамдар сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның немесе облыстардағы, астанадағы және Республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшенің қаржы қызметіне тиесілі сомаларды төлеу туралы өтінішпен, мынадай растайтын құжаттарды қоса бере отырып жүгінеді:

  • судья қызметтерге ақы төлеу туралы шығарған сот актісі;
  • электрондық үкіметтің веб–порталы арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған жеке куәліктер;
  • ағымдағы банктік шот нөмірлері.

Сарапшыларға, мамандарға және аудармашыларға төленуге жататын сомалар Үкіметтің “қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде шеккен адамдарға шығындарды өтеудің кейбір мәселелері туралы” қаулысына сәйкес айқындалады.

Сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті органның немесе облыстардағы, астанадағы және Республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшенің қаржы қызметі сарапшыларға, мамандарға және аудармашыларға тиесілі сомаларды төлеу туралы сот актісі келіп түскен күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде сот есептеген төлем сомаларын тексереді.

Тексеру нәтижелері бойынша төлеуге жататын сомаларды сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті органның немесе облыстардағы, астанадағы және Республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшенің қаржы қызметі көрсетілген мақсаттарға республикалық бюджеттен арнайы бөлінетін және тиісті қаржыландыру жоспарларында көзделген қаражаттан дереу төлейді.

Қаулы 2024 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Тег: ақыаудармашылармамансарапшылар

Ұқсас материалдар

Қазақстанда SIM-карта сатып алу тәртібі өзгереді: енді нөмірді eGov арқылы онлайн рәсімдеуге болады

Қазақстанда SIM-карта сатып алу тәртібі өзгереді: енді нөмірді eGov арқылы онлайн рәсімдеуге болады

03.07.2025

Қазақстанда ұялы байланыс нөмірін сатып алу тәртібі түбегейлі өзгеруі мүмкін. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі телекоммуникация нарығын жетілдіру...

Қазақстанда әр азаматқа 10 сотық тегін жер беріледі: кім және қалай ала алады?

Қазақстанда әр азаматқа 10 сотық тегін жер беріледі: кім және қалай ала алады?

03.07.2025

Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес, әрбір кәмелет жасқа толған азамат жеке тұрғын үй құрылысы үшін 10 сотық жер учаскесін тегін...

4 ай ішінде ел экономикасына бөлінген инвестициялар қай салаларға жұмсалды?

4 ай ішінде ел экономикасына бөлінген инвестициялар қай салаларға жұмсалды?

03.07.2025

2024 жылдың қаңтар–сәуір айларында Қазақстанда негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі 4,4 трлн теңгеден асты. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі Стратегиялық...

Борышкер тізіміне кімдер және қандай жағдайда енгізіледі?

Борышкер тізіміне кімдер және қандай жағдайда енгізіледі?

03.07.2025

Қазақстанда ірі көлемде салық берешегі бар заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің тізімі Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтында ашық жарияланады. Бұл...

Келесі
Арал теңізінің қазіргі жағдайы қалай?

Арал теңізінің қазіргі жағдайы қалай?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz